Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 17 июня, 2025


Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

Доллар бағасы тағы көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда-саттық сессиясы сағат 15:30-да аяқталды. Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 517,45 теңгеге жетіп, бір тәулікте 5,01 теңгеге қымбаттаған.

Ұлттық банк бекіткен таңертеңгі ресми бағам 512,44 теңге болған.

Ал Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда ақша айырбастау орындарында 1 доллар 518,11–520,51 теңге аралығында, ал 1 еуро 594,42–599,05 теңге шамасында сатылып жатыр.

Сонымен қатар, мұнай бағасы да әлемдік нарықта өзгеріп отыр:
• ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай маусым айына арналған фьючерстер бойынша 1,19%-ға өсіп, баррелі 74,14 долларды құрады;
• NYMEX биржасында WTI маркалы мұнай 1,18%-ға арзандап, баррелі 71,17 доллар болған.

Биржадағы күндізгі сауда тоқтатылды😶

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік сыйламақ

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Бұл ретте ҚР Президентінің баспасөз қызметітаратқан ақпаратта былай делінеді:
«Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаев көрші елдегі ақбөкен популяциясын қалпына келтіру мақсатында Қытайдыңбатыс бөлігіне жіберу үшін Қытайүкіметіне 1,5 мың ақбөкен беру туралышешім қабылдағанын мәлімдеді. Өз кезегіндеҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қасым-ЖомартТоқаевқа бұл үшін алғыс білдірді, өйткеніҚытай ақбөкендер популяциясын қалпынакелтіруді маңызды мәселе деп санайды».

Мәссаған! Кейінгі уақытта елімізде киік саны көбейіп кеткені туралы айтылып жүр еді. Енді көрші елге сыйға тартпақ екен📌

Қазақ баласы Еуропаның ең үздік физигі атанды

Қазақстандық оқушы Ілияс Қазымбек София қаласында өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO-2025) абсолют жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетті, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

«Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы болып танылды. Ол Қазақстанның жүлде қоржынына алтын медаль салды», — делінген хабарламада.

Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды.
Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасын иеленді.
Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындады.

Айта кетері, EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік сайыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын.

Керемет! Құтты болсын!🔥😍

Елімізде 16 млн адамның жеке дерегі таралып кетті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 16,3 млн адамның жеке деректерінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады.

Қазіргі кезде ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірге сол мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін тексеруге кірісті.

«Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ», — дейді министрлік мамандары.

Ал адамның дербес деректері желіде тарап кеткен мәліметтер арасында болса, оған электрондық үкімет порталы арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады.
«Еске сала кетейік, бұған дейінгі осындай жағдайларда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан – негізінен қызмет көрсету салалары мен микроқаржы ұйымдарынан алынған ескі мәліметтер болған. Министрлік жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланады», — делінген ресми хабарламада.

Министрлік мәлімдеме жасады📍


Читайте также