Кеш жарық, құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
“Медеу” мұз айдыны 2027 жылға дейін жаңартылады: оған халықаралық статус қайтарылып, жаңа жарыстар өткізу жоспарлануда
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Айтуынша, жұмыстар 2025-2027 жылдар аралығында жергілікті бюджет есебінен жүзеге асады.
“Объектіні реконструкциялау аренаның техникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді. Медеу халықаралық коньки тебу одағының талаптарына сай болады, сондықтан халықаралық коньки тебу және мәнерлеп сырғанау жарыстарын өткізуге мүмкіндік туады. Алматы әкімдігі реконструкция аясында мұз айдынының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, хоккеймен доп ойнау, мұздағы спидвей әлем чемпионаттарын, сондай-ақ түрлі мәдени-спорттық жаппай іс-шараларды, мұзды шоу мен көрсетілімдер өткізуге жағдай жасайды”, – деп түсіндірді үкімет басшысы.
Тамаша!😍
Қазақстанда бензин бағасы бастапқыда 210 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бағаның одан әрі өзгеруі нарықтық жағдайға байланысты реттеледі. Дегенмен үкіметтің басты міндеті – бағаның тұрақтылығын сақтау.
“Біз аса күрделі өзгерістер күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин бағасы 400 теңгеге дейін өседі деген негізсіз ақпарат тарады. Ондай қымбаттауға жол бермейміз”, – дейді Сәтқалиев Энергетика министрлігінде өткен брифингте.
Министрлік баға динамикасын қадағалап, жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті. Қазіргі таңда елдегі бензин бағасы — 205 теңге.
Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы 4-5 теңге шамасында өсетінін айтты.
“Қазір нақты бекітілген алгоритм жоқ. Бірақ алғашқы бағаның өсуі 5 теңгеден аспайды деп болжап отырмыз. Мүмкін, 4 теңге деңгейінде болады. Одан кейінгі баға өзгерісіне мұқият назар аударамыз. Біз нарыққа белгілі бір белгі бердік. Өндірушілер мен жеткізушілердің монополия арқылы пайда табуына жол бермейміз”, – деді министр.
Мәссаған, қалтаға салмақ түсірмесе болды😶
Елімізде электр энергиясының тарифтері 1 ақпаннан бастап қымбаттайды
Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтарда еліміздегі электр энергиясының жаңа шектітарифтерін бекіткен бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, елімізде 2025 жылдың 1 ақпанында электр энергиясының бағасы өседі.
Құжатта электр энергиясын өндіруші компаниялардың келесі топтары бойыншатарифтерді көтеру көзделеді:
* Бірінші топ (Б. Нұржанов атындағыЕкібастұз ГРЭС-1) – 1 кВтсағ үшін 8,27теңгеден 9,5 теңгеге дейін.
* Екінші топ (Еуроазиялық энергетикалықкорпорациясы) – 1 кВтсағ үшін 7,98теңгеден 9,4 теңгеге дейін.
* Үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы)– 1 кВтсағ үшін 13,17 теңгеден 15,67теңгеге дейін.
* Төртінші топ (Топар бас электр энергиясын таратушы энергостанциясы)– 1 кВтсағ үшін 15,32 теңгеден 20,84теңгеге дейін.
* Бесінші топ (Т.Батуров атындағы ЖамбылГРЭС-і) — 1 кВтсағ үшін 17,73 теңгеден22,58 теңгеге дейін.
* Алтыншы топ (Қарағанды энергия орталығы) – 1 кВтсағ үшін 14,09 теңгеден17,64 теңгеге дейін.
* Жетінші топ (Өскемен ЖЭО)- 1 кВтсағ үшін14,27 теңгеден 17,82 теңгеге дейін.
* Сегізінші топ (Севказэнерго) – 1 кВтсағүшін 18,61 теңгеден 23,17 теңгеге дейін.
* Тоғызыншы топ («Астана-Энергия» АҚ) – 1 кВтсағ үшін 9,28 теңгеден 11,71 теңгегедейін.
* 10-топ («Павлодарэнерго» (ЖЭО-2,3) – 1 кВтсағ үшін 18,25 теңгеден 24,29 теңгегедейін.
* 12–топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) — 1 кВтсағ үшін 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
* 13-топ («Қазақмыс Энерджи» (ЖЖЭО,БЖЭО) – 1 кВтсағ үшін 21,42 теңгеден30,24 теңгеге дейін.
* 16–топ («Bassel Group LLS») — 1 кВтсағ үшін16,73 теңгеден 25,48 теңгеге дейін.
* 18–топ («Степногор ЖЭО») — 1 кВтсағ үшін28,97 теңгеден 38,67 теңгеге дейін.
* 22–топ («Кентау Сервис» МКК) — 1 кВтсағүшін 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
* 23–топ («Арқалық ЖЭО» МКК») — 1 кВтсағүшін 8,44 теңгеден 13,13 теңгеге дейін.
* 26-топ («Алматы электр станциялары»ЖЭО – 1,2,3 Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) — 1 кВтсағ үшін 17,82 теңгеден 20,93 теңгегедейін.
Ал 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60 компаниялар тобының тарифтеріөзгеріссіз қалды.
Сондай–ақ, 61 және 62-топ тарифтері қосылды, тиісінше 1 кВтсағ үшін 18,74 және 28,72 теңге.
Ескере жүріңіздер!📍
Қазақстаннан үшінші елдерге картопты экспорттауға тыйым салынды
Қазіргі уақытта көршілес елдер тарапынан қазақстандық картопқа жоғары сұраныс сақталуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (411 мың тонна) 1,5 есе артық. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, ішкі нарықтағы бағаларға айтарлықтай әсер етті.
Осыған байланысты, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен картопты үшінші елдерге экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен басқа, 6 ай мерзімге шектеу енгізілді, – деп жазылған министрлік хабарламасында.
Алты ай мерзімге шектеу енгізілді📌