Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 06 января, 2025


Баршаңызға сәлем, қымбатты оқырмандар!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз 📍

🍶 Абай облысында 21 жастағы кәсіпкер қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

2019 жылы 21 жастағы Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ол 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант алды.

АШМ мәліметінше, бұл қаржыға жас кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашты. Содан кейін авторлық құқық алып, «Qazice» атты өнімін патенттеді.

Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18-ден астам түрін сатады.
Шымкент пен Түркістанда Qazice сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие.

Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.

Керемет!🔥

📍2025 жылы жеке кәсіпкерлер төлейтін шығындар көлемі көбейді

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еңбекақы төлеу қорына түсетін салық жүктемелерінарттыратын салалық заңнамадағы өзгерістеркүшіне енді. Сарапшылар бұл шараларкомпаниялардың қаржылық тұрақтылығымен жоспарына айтарлықтай теріс әсер ете бастағанын айтады.

Ал бір жылдан кейін, яғни 2026 жылы басқатәсілдер мен ставкаларды қамтитын жаңартылған Салық кодексі енгізілмекші.
«Бұл, әсіресе бухгалтерлер, кәсіпкерлер жәнеқаржы мамандары үшін проблемалы болып, бірқатар тәуекелдерді қамтиды: есеп айырысуда қателіктерге жол беру ықтималдылығы, айыппұлдар жәнекомпанияның қаржылық тұрақтылығынжоғалту. Мұның бәрі жаңажағдайларға бейімделуді қажет етеді» деп жазады Учет.

2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілген негізгі өзгерістер:

* әлеуметтік төлемдер — 3,5%-дан 5%-ға дейін артты. Енді кәсіпкер әр жұмысшы үшін 4 250 теңгеден 29 750 теңгеге дейін төлеуі керек;
* әлеуметтік салық мөлшерлемесі 9,5%-дан11%-ға дейін ұлғайды;
* зейнетақы жарнасы 1,5%-дан 2,5%-ға дейін өсті. Енді әр қызметкер үшін жұмыс беруші минималды 2 125 теңгеден максималды 106 250 теңгеге дейін төлеуі керек болады;
* жалақыдан төленетін бірыңғай төлем мөлшерлемесі 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ МЖӘ шарттары бойынша 5% көлемінде әлеуметтік аударымдарды енгізу бизнес шығыстарын одан әрмен арттыра түсті. Әсіресе, жеке тұлғаларды жұмысқа жәнеқызмет көрсету тұрғысында жалдағанда осындай келісімшарттарды пайдаланатынжеке кәсіпкерлік үшін.
Айта кетсек, бұл төлемдердің барлығын жалпы Еңбекақы төлеу қорына түсетін алым-салық (ЕТҚ) деп атайды. Қазақстанда ЕТҚ көлемі шамамен 40% құрайды, сарапшылар бұл бизнеске әжептеуір қаржылай қысым түсіреді деп санайды.

Мәссаған!😮

💸 Осы жылы 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20%-ға өседі

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық 600 мыңға жуық азаматқа әсер етеді.

Жалақыны көтеру бастамасына мынандай мамандықтар енеді:

* бухгалтерлер,
* экономистер,
* заңгерлер,
* мұрағатшылар,
* кітапханашылар,
* мұражайтанушылар,
* орманшылар,
* техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар.

«Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы екі есе ұлғаяды», делінген ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің 6 қаңтардағы хабарламасында.

Жақсы жаңалық екен!👍

🏆АҚШ-та “Алтын глобус” киножүлдесінің жеңімпаздары белгілі болды

АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында “Алтын глобус” киножүлдесінің 82-ші марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы жүлденің ресми сайтында хабарланды.

Режиссура номинациясында “Бруталист” фильмін түсірген Брэйди Корбет үздік деп танылды. Фильмде Холокосттан аман қалған венгриялық еврей сәулетшісінің тағдыры баяндалады.

62 жастағы актриса Деми Мур “Субстанция” атты боди-хоррор жанрындағы фильмдегі басты рөлі үшін “мюзикл немесе комедия жанрындағы үздік әйел рөлі” аталымында алғаш рет “Алтын глобус” сыйлығын иеленді.

Қосалқы құрамдағы “Ең үздік актер” номинациясына Киран Калкин мен Зои Салдана ие болды. Калкин америкалық режиссер Джесси Айзенбергтің «Нағыз азап» фильмінде сомдаған рөлі арқылы танылды. Фильм Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары туралы түсірілген. Ал Зои Салдана «Эмилия Перес» фильмі бойынша үздік танылды.

Сондай-ақ «Үздік драмалық сериал» номинациясы бойынша жапондық «Сегун» тарихи кинокартинасының актерлері марапатталды.

Шараны тамашаладыңыз ба?😍

Тегтер: Қымыз, Кәсіпкер, Жеке кәсіпкер, Шығын, Жалақы, 2025 жыл, Алтын глобус, Жеңімпаздар, фильм, актер