Кеш жарық, құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
2024 жылдың қорытындысы: Қазақстан қымбатшылық жағынан ЕАЭО елдерінен асып түсті
Қазақстанда киім-кешек, аяқ киім және автокөліктер ЕАЭО елдерімен салыстырғанда ең жоғары қарқынмен қымбаттады.
2024 жылы Қазақстанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,3%-ға қымбаттап, бұл ЕАЭО бойынша ең жоғары көрсеткіш болды.
• Киім-кешек пен төсек жаймалары – 9,9% (ЕАЭО бойынша 4,1%)
• Аяқ киім – 11,4% (ЕАЭО бойынша 4,8%), балалар аяқ киімі – 13,3% (ЕАЭО – 3,6%)
• Маталар – 8,0% (ЕАЭО – 3,5%)
• Жеңіл көліктер – 6,4% (ЕАЭО – 3,3%), ал Армения, Беларусь, Қырғызстанда көлік арзандаған
• Жиһаз – 10,2% (ЕАЭО – 6,9%)
• Теледидарлар – 37,5% (ЕАЭО – 5,3%)
DATA HUB бірқатар мәлімет ұсыныпты📌
Ұлттық банк өткен жылы жалпы салмағы 1,7 тонна құйма алтын сатты
Қазақстан Ұлттық банкі былтыр банктер мен айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 47 395 өлшемелі құйма алтын сатты. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылғы өлшемелі құймалардың ең көп көлемі Алматыда сатылды (32 735 дана, 69%). Сондай-ақ Шымкент (5 200 дана,11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%) қалаларында алтын құймалар көптеп сатылды.
Халыққа арналған өлшемелі құймаларды сатып алу және сату Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау орындары арқылы қолжетімді.
«Былтыр екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттері халыққа кері сатып алуды ескере отырып, жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 71 106 өлшемелі құйма сатты. Бағдарлама басталғаннан бастап іске асқан жалпы уақытта салмағы 7,9 тонна 222 680 алтын құйма сатылды», — делінген банк хабарламасында.
Халық арасында салмағы 10 грамм құйма сұранысқа ие. Бұл салмақта жалпы 54 875 дана алтын сатылды, яғни сатылған жалпы көлемінің 25%-ін құрайды. Одан кейін 5 грамм — 49 145 дана (22%), 100 грамм – 47 943 дана (22%), 20 грамм – 40 843 дана (18%) және 50 грамм – 29 874 дана (13%) тұр.
Мәсааған!😶
Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы екпе алды
Қазақстанда Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері 116,5 мыңнан астам қыз егілді.
«Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) тудырады. АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады», — деп жазылған хабарламада.
АПВ — әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмірінде бір рет болса да АПВ-ны жұқтырады.
Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.
АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.
Ал сіз екпе алдыңыз ба?📍
Пойыздарға 1350 бейнебақылау камерасы орнатылды
Жолаушылар қауіпсіздігін арттыру мақсатында 24 Тальго пойызына бейнебақылау жүйесі орнатылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ
1350 камера пойыз ішіндегі жағдайды тәулік бойы үздіксіз бақылайды .
Бұл шаралар оқыс оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге көмектеседі.
Бейнебақылау жүйесінен алынған ақпарат тек Ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді.
Дұрыс шешім болған екен👍