Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Елімізде ең жоғары жалақы көрсеткіші бойынша Атырау облысы көш бастап тұр
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы жалақысы жоғары өңірлер анықталды.
Көш басында тұрған аймақтар: Атырау облысы – 640 938 мың теңге, Маңғыстау облысы – 607 867 мың теңге, Астана қаласы – 604 104 мың теңге, Ұлытау облысы – 600 682 мың теңге, Алматы қаласы – 539 125 мың теңге.
Белгілі болғандай, тізімнен жалақысы төмен аймақтарды да көруге болады. Атап айтқанда, Түркістан облысы – 304 325 мың теңге, Жамбыл облысы – 313 073 мың теңге, Жетісу облысы – 314 398 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысы – 315 540 теңге, Шымкент қаласы – 330 193 мың теңге.
Ұлттық статистика басқармасы келтірген мәлімет бойынша 2023 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс саласында – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға және жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға өскен.
Олардың жалақысы 640 мыңнан асады💸
Қазақстандық кәсіпорындар жалақы бойынша 1,1 мыңнан астам жұмысшыға қарыз
Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
«2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды», делінген бүгінгі министрлік хабарламасында.
Еңбек министрлігі жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 240 ұйғарым беріліп, 24,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынғанын нақтылайды.
«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 890 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 81,3 млн теңге төленді»,- дейді ведомстводағылар.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 389 тексеру жүргізді, оның барысында 499 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
* еңбек саласында – 466;
* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 31;
* халықты жұмыспен қамту бойынша – 2.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Мәссаған!😶
Қазақстанның әскери бағдарламасына Кенесары ханның соғыс тәсілі енгізілуі мүмкін
Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның соғыс стратегиясын зерттеуде
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақ әскеріндегі білім беру жүйесі мен Кенесары ханның әскери тактикасын зерттеу туралы айтты.
“Қазақ әскерін қазақ тілінде оқыту әлдеқашан басталды. Бүгінде барлық әскери оқу орындарында білімнің 70%-ы қазақ тілінде беріледі”, – деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігі Кенесары ханның әскери стратегиясын жан-жақты зерделеп жатқанын атап өтті.
“Кенесары ханның өмірімен жақсы таныспын. Қазіргі уақытта оның соғыс жүргізу әдістерін зерттеудеміз. Әр сарапшының бұл мәселеге қатысты өз пікірі бар. Кенесары хан қазақ әскерінің символына айнала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді. Сонымен қатар, Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының әскери стратегиясын, сондай-ақ орта және кейінгі тарихи кезеңдердің деректерін де зерттеп жатырмыз”, – деді Жазықбаев.
Тамаша болар еді👍
“Азамат” интеллектуалды бағдарламасы жаңа форматта көрерменмен қайта қауышады
«Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Азамат» бағдарламасы эфирге қайта оралады. Бұл туралы «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлімдеді.
2000-жылдардың басында «Хабар» телеарнасында көрсетілген «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы тұтас бір буынның есінде қалды. Бұл жоба көшбасшыларды тәрбиелейтін, студенттердің шешендік өнерін шыңдап, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз көзқарасын дәлелді қорғауға үйрететін маңызды алаңға айналды. Дәл осы бағдарламадан шыққан түлектер қазіргі таңда мемлекеттік қызметте, білім беру және кәсіпкерлік салаларында ел дамуына үлес қосып жүр.
15 жылдан кейін «Азамат» телебағдарламасы жаңартылған форматта көрерменге қайта ұсынылып отыр.
Қазақстанның 100 жоғары оқу орнының арасынан пікірсайыс клубтары белсенді жұмыс істейтін 32 университет іріктеліп алынды.
Жаңартылған «Азамат» бағдарламасының алғашқы шығарылымы Наурыз мерекесі қарсаңында «Хабар» телеарнасынан эфирге шығады. Бұл – студенттерге өз қабілеттерін танытып, аналитикалық және шешендік өнерлерін паш етуге берілген бірегей мүмкіндік.
Керемет жаңалық!😍