Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 18 февраля, 2025


Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

Қазақстанда АИ-92 маркалы жанар-жағармайдың құны ақпан айының соңына қарай 4 теңгеге қымбаттайды

«Жанар-жағармай мен дизель отынының бағасынан мемлекеттік реттеу алынғаннан кейін, 1 ақпаннан бастап көтерме жеткізушілер бағаны өсірді. Олардың ішінде отын нарығының 80 пайызын қамтушы KC Energy Group және ҚазМұнайГаз компаниялары да бар. Бұл ақпан айындағы жанар-жағармай көлемін бөлшек саудадағылардың көтерме бағада қымбат сатып алып жатқанын білдіреді. Дизель отыны мен АИ-92 бензинінің көтерме бағасы орта есеппен 1 литрі 4 теңгеге өсті. Демек, ақпан айының соңына қарай, бұрынғы бағамен сатып алынған қор көлеміне байланысты, жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасы да 4 теңгеге қымбаттайды»,делінген Қазақстанның мұнай өнімдері қауымдастығы түсініктемесінде.

Бұл ретте, қосылған 4 теңгенің 80%-ы, яғни 3 теңгесі акциз түрінде мемлекеттік бюджетке аударылатыны да нақтыланады.

Мәссаған, ескере жүріңіздер!📍

2025 жылы пітір садақа мөлшері 655 теңге болады — ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылдың пітір садақа құнын екі келі ұнның орташа бағасына негіздеген.

ҚМДБ бекіткен 2025 жылдың діни күнтізбеге сәйкес, Рамазан айы 1 наурызда басталады. Қадір түні 26-27 наурызға тұспа-тұс келеді. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады.

Пітір садақа – әрбір мұсылман үшін Рамазан айында берілуі тиіс міндетті садақа. Ол жан басына есептеліп, әр отбасы мүшесі үшін төленеді.

Рамазан айының басталуына 10 күн қалды🙌🏻

Әлемдегі әйгілі басылымдардың бірі ROLLING STONE Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Бұл туралы dimashnews.com сайты мәлімдеді.

Мақала «Димаш Құдайберген DIAFA 2024 сыйлығына музыка саласындағы жаһандық ықпалы үшін ие болды» деп аталады.
Мақала авторы 2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен беделді халықаралық Arab Festivals Awards (DIAFA) марапаттау рәсімі туралы баяндап, оның лауреаттары арасында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болғаны туралы айтып өтті.

DIAFA-да Димаштың марапаты үлкен маңызға ие. Ол осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы Орталық Азия әртісі болғандықтан Әлемдік көшбасшылардың көрнекті тізіміне енді. Әр түрлі саладағы 25 журналистен тұратын комитет өткізетін қатаң іріктеуімен танымал DIAFA өз салалары мен қауымдастықтарының дамуына айтарлықтай үлес қосқан адамдарды атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында Димаш өзінің жалғасып жатқан әлемдік турының титулдық әні «Stranger» әнін орындады. Оның классикалық, поп – және дәстүрлі қазақ элементтері біріктірілген қойылымы көрермендерді баурап алды. Жүргізушілер оны мәдени және музыкалық шекаралардан өту қабілетіне баса назар аудара отырып, «шекараны білмейтін дауысы бар ерекше талант» ретінде ұсынды.

Оның DIAFA-ға қатысуы оның музыкасы тілдік және мәдени кедергілерді еңсеру арқылы бүкіл әлемде резонанс тудыратынын көрсетеді. 14-тен астам тілде сөйлеп, бүкіл Еуропа мен Азия бойынша залдарды толық жинай отырып, Димаш өз Қазақстаннан тыс жерлерде өз Отанының мәдениетін таныстыруды жалғастыруда, — дейді мақала авторы.

Керемет🔥

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру байқауы басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.

Министрлік мәліметінше, байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыт бойынша жобаларды ұсына алады:

— Инклюзивті қоғамды дамыту;
— Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;
— Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
— Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;
— «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;
— Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;
— Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;
— Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;
— Зооволонтерлікті дамыту.
Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

Бақ сынап көріңіз!😍


Читайте по теме