Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
2025 жылдың “Оскар” жеңімпаздары анықталды: Юра Борисов марапатсыз қалды
Кино әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі – 97-ші “Оскар” жүлдесінің иегерлері белгілі болды. Салтанатты шара 2-3 наурыз түнінде Лос-Анджелесте өтті.
Биыл марапаттау кеші қызу талқылауға себеп болды. Себебі үміткер атанған фильмдердің әрқайсысы көрермендерді таңғалдырса, актерлік шеберлігімен көзге түскен әрбір номинант жеңіске әбден лайық еді. Сондықтан құпия жағдай соңғы сәтке дейін сақталды.
Әсіресе, бұл шараны Ресей көрермендері ерекше ықыласпен тамашалады. Себебі ел атынан “Ең үздік екінші жоспардағы ер адам рөлі” номинациясына Юра Борисов ұсынылған болатын. Көпшілік оның жеңісіне үміт артты, өйткені актердің дарыны мен еңбегі жоғары бағалауға тұрарлық еді.
Алайда, өкінішке қарай, биыл да сәттілік оған серік болмады. Бұл номинация “The Holdovers” фильміндегі рөлі үшін Киран Калкинге бұйырды.
Жеңімпаздардың тізімін көрдіңіз бе?😍
Депутат Дәулет Мұқаев жасанды интеллект туралы заңды талқылау барысындан оқушыларға ChatGPT қолдануға тыйым салу керегін айтты
Технологияның дамығаны жақсы, бірақ уақыт өте келе мұның бәрі миымыздың шектеуіне, оның ойланбауына алып келетін процесс секілді. Тіпті қазірдің өзінде мектеп оқушылары арасында ешқандай тапсырманы орындамай, ChatGPT-ге салып, тапсырманың барлығы осы екен деп отыра береді, — дейді депутат.
Мұқаев мектеп жасындағы оқушыларға шектеулер қоюылуы керек деп санайды.
Мектеп жасындағы балаларға қандай да бір шектеу қойылуы керек. Егер шектеу қойылмаса, ертеңгі күні оқушыларымыз студент болады және олар еңбек нарығына араласқан кезде соның зардабын 20 жылдан кейін көреміз. Бұл елімізге келе жатқан үлкен қауіптің бірі, — деп айтты ол.
Бұған не дейсіз? Қолдайсыз ба?🤔
Қазақстан халқы Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға пәтер алып берді
Семейде жасөспірімдердің әлімжеттігінен зардап шеккен 6-сынып оқушысына қазақстандықтар төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Баланың болашағына бейжай қарамаған азаматтар үш күннің ішінде 35 миллион теңге жинап берген.
Бұл туралы волонтер Динара Садырбаева хабарлады.
“Құжатқа қол қойылды, бұл – Әлинұрдың үйі. Бірақ бала кәмелет жасқа толмағандықтан, құжатқа әкесі қол қойды”, – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 24 ақпанда әлеуметтік желіде бір топ жасөспірімнің оқушыны аяусыз ұрып, қорлап, мазақ еткен видеосы тараған болатын. Оқиғадан кейін төбелеске қатысқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Арнайы комиссияның шешімімен жасөспірімдер девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберілді. Сондай-ақ үш оқушының ата-анасы ата-ана құқығынан айырылды. Одан бөлек бірнеше оқу орнының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектеп директоры қызметінен босатылды.
Керемет! Әлинұрдың болашағы жарқын болсын!🥹🔥
Отбасы банк қазақстандықтарға миллиондаған сыйақы таратты
Банктің дерегінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өз тұрғын үйлеріне ақша жинап жүрген 2 134 279 қазақстандық мемлекеттік сыйлықақы алды.
“Мемлекеттік сыйлықақыны алушының орташа жасы – 35 жас. Отбасы банкінің әрбір төртінші салымшысы 147 680 теңге мөлшерінде ең жоғары сыйлықақы алды. Мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомасына есептеледі. 2024 жылы 1 АЕК — 3 692 теңгеге тең болды. Яғни бұл сыйлықақы алуға жарамды ең жоғары сома 738 400 теңге”, — деп хабарлады Отбасы банк.
Заңға сәйкес, сыйлықақы төлеуді мемлекет қамтамасыз етеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы көлемі 157 280 теңгеге тең болады. Оған қол жеткізу үшін Отбасы банкіндегі шотқа кемінде 786 400 теңге (200 АЕК) жинақтау қажет. Ол үшін салымшылар ай сайын өз депозиттерін шамамен 65 533 теңгеге толықтырып отырулары тиіс.
Мемлекеттік сыйлықақы мен банк сыйақысын қосқанда, Отбасы банк депозиттерінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға жетеді.
Сізге түсті ме?😍