Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 06 марта, 2025


Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

“Алматы жастары” бағдарламасы бойынша өтініш 14-26 наурыз аралығында қабылданады

Жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне 35 жасқа дейінгі алматылық жастар өтініш бере алады.
Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:

Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;

Пайыздық мөлшерлеме – 5%;

Бастапқы жарна – 10%;

Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;

Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары.

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:

1.Өтініш беруші мен оның жұбайының Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуға тиіс.

2.Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауға тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.

3.Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.

4.Өтініш беруші соңғы 6 айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.
«Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының (2019-2024 жж.) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электронды цифрлық қолтаңба арқылы жасалады.

Бағыңызды сынап көріңіз!😍

Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20% төмендетілуі мүмкін

Ипотеканың қолжетімділігін арттыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды. Құжатқа қатысты пікірлер 26 наурызға дейін қабылданады. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін күшіне енеді.

Айта кетейік, 17 наурыздан бастап “Наурыз жұмыскер” ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер жұмыс орнын растайтын анықтама тапсыруы қажет. Банк мамандары өтініш берушінің жұмыс істейтін ұйымының БСН-ін тексеріп, оның қызмет саласын анықтайды.

Ипотекалық бағдарлама тау-кен өнеркәсібі, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмысшыларға арналған. Алайда кеңсе қызметкерлері бұл бағдарламаға қатыса алмайды – тек жұмысшы мамандық иелеріне ғана қолжетімді.

Тамаша мүмкіндік болар еді👍

17 мыңнан астам әскери қызметшіге «кредиттік демалыс» берілді

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

«17 мың әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге «кредиттік демалыс» берілді», -деді спикер.
Сонымен қатар ол қызметте ерекше көзге түскен 1029 мерзімді азамат грантпен оқуға мүмкіндік алғанын атап өтті.

Генерал-майордың айтуынша қызмет өткеріп жүрген сарбаз еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын игере алады.

Оның жалпы сомасы 7 млрдқа жуық екен📍

Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілінен кейін ата-анасы жауапқа тартылды

4 наурызда мектеп оқушысы «мектепті террористер басып алды» деп, полицияға хабар берген. Білім ошағына шұғыл тәртіп сақшылары, құтқарушылар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері барды. Мамандар бәрін тексеріп шықты. Бірақ жарылғыш зат та, күдікті адам да табылмады.

Полицейлер дереу қоңырау шалған баланың кім екенін анықтады. Ол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

«Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан оны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуі керек», — дейді полицейлер.

Мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу міндеті олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.

Қылмыстық кодекске сәйкес, полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 19,6 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.😨