Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 12 марта, 2025


Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

Такси жүргізушілері үшін салық мөлшері ұлғаймайды

Ұлттық экономика министрлігі таксопарктердің салық реформасына қатысты пікір білдірді
Ұлттық экономика министрлігі таксопарктердің салық реформасына қатысты мәлімдемелеріне жауап берді.

Жаңа Салық кодексі жобасында такси жүргізушілеріне арналған жеңілдетілген салық салу режимі қарастырылған. Министрлік мамандарының айтуынша, бұл жүйеде қосылған құн салығы (ҚҚС) мен басқа да салықтар салынбайды, ал жеке табыс салығының мөлшерлемесі нөлге тең. Такси жүргізушілері тек 4% мөлшеріндегі бірыңғай төлемді төлейді. Бұл төлемнің құрамына:
✅ зейнетақы жарналары,
✅ әлеуметтік аударымдар,
✅ міндетті медициналық сақтандыру кіреді.

Маңызды ерекшелік:
Бұл салықтық режимді пайдалану үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ.

Такси жүргізушілеріне қандай мүмкіндік беріледі?
🔹 Салық жүктемесі артпайды – жеңілдетілген режим олардың қаржылық міндеттемелерін ұлғайтпайды.
🔹 Делдалсыз жұмыс істеуге жол ашылады – жүргізушілер Яндекс және басқа интернет-платформалармен тікелей жұмыс істей алады, таксопарктерге жүгінбей-ақ қызмет көрсетуге мүмкіндік алады.

Статистикалық деректер:
2024 жылы такси қызметі мен автокөлікті жалға беру саласында шамамен 15 мың салық төлеуші жеңілдетілген декларация режимін қолданған. Оның ішінде 924 салық төлеушінің ақша айналымы 15 млн теңгеден асқан.

Министрлік ҚҚС төлеу шегінің төмендеуі тек ірі таксопарктерге әсер ететінін атап өтті. Бұл өзгеріс барлық такси жүргізушілерінің тек 6%-ын қамтиды, ал шағын такси жүргізушілері үшін салықтық шарттар өзгеріссіз қалады.

Айта кетейік, интернет-платформа операторлары да қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді❗️

Елімізде балалардың қауіпсіздігін арттыратын арнайы SIM-карта енгізіледі

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету үшін оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы SIM-карта енгізу бастамасын көтерді.

Нәтижесінде мобильді құрылғыны пайдаланғанда қауіп болмайды. Бұл — ата-аналар тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған арнайы тарифтік жоспар.

Балаларға арналған SIM-карталардың басты артықшылықтары:

Ата-ана бақылауы

Зиянды және қалаусыз контенттен қорғау

Баланың жүрген жерін бақылау (геолокация)
«Ата-аналар балалардың телефонды қолдануын бақылай алады. Қазақстанда байланыс операторлары балаларға арналған, білім беру ресурстарына шектеулі қолжетімділік беретін тарифтерді ұсынғанымен, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты толық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Министрліктің бұл бастамасы балалардың интернеттегі қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналарға олардың онлайн кеңістіктегі қорғанысын қамтамасыз етуде жоғары деңгейдегі қолдау көрсетеді», – деп мәлімдеді Еділ Оспан.

Расымен, қазіргі жағдайды ескерсек, өте қажет дүние екен✔️

Алматыда мыңға жуық зейнеткерді жұмысқа орналастыратын жоба іске қосылмақ

«Алтын жас» жобасы аясында 2025 жылы зейнеткерлер үшін 1000 жұмыс орнын субсидиялау жоспарланған.

Өткен жылы қолға алынған жоба аясында 700-ден астам зейнеткер жұмыспен қамтылған болатын. Биыл билік 1000 адамға дейін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Жоба үш жылға қарастырылған. Алайда зейнеткер санкциясыз, өз қалауы бойынша шартты кез келген уақытта бұза алады. Қызметкерлер толық жұмыс күні, қашықтықтан және жұмыс уақытын өзіне икемді етіп жасай алады, — дейді ведомство.

Бағдарламаға қатысушылар Алматыда тұрақты тіркеуде болуы қажет.
Сондай-ақ қала әкімінің тапсырмасымен 2025 жылдан бастап «Jobcoach» жобасы іске қосылады. Жоба аясында 300 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Тамаша! 👍

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов араға 31 жыл
салып Гауһар глобус жеңіп алды

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Гауһар глобус жеңіп алды.

Бұл – 31 жылда болмаған тарихи жеңіс.

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Соңғы рет Гауһар глобусті елімізге 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов (1990/1991 және 1993/1994 жылғы маусым) әкелген еді.
11 наурыз күні Швецияның Торсби қаласында маусымның соңғы жарысы – спринт өтті. Ербол бұл жарыста екінші орын иеленіп, маусым бойы жинаған ұпайларының арқасында Гауһар глобусқа қол жеткізді. Бұл маусымда Ербол жалпы есепте 1005 ұпай жинады. Сонымен қатар ол биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Құтты болсын!🔥


Читайте также