Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 13 марта, 2025


Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

663 мың теңге: Елімізде ең жоғары жалақы алатын мамандықтар анықталды

Қазақстандағы еңбек нарығы: қай салаларда жұмыс көп және жалақысы жоғары мамандықтар қандай?

Ақпан айында «Enbek» электрондық еңбек биржасында 121,8 мың бос жұмыс орны мен 132,3 мың түйіндеме жарияланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) мәліметінше, қаңтармен салыстырғанда бос орындар саны 23,2%-ға, ал түйіндемелер саны 31%-ға (-59,6 мың) азайды.

Жұмыс күшіне сұраныс қай салада жоғары?
Ең көп бос жұмыс орындары ақпарат және байланыс (40,9 мың), білім беру (26,6 мың) және денсаулық сақтау (9,3 мың) салаларында тіркелді.

• Денсаулық сақтау саласында санитарлар (1,5 мың) мен медбикелер (1,3 мың) ерекше сұранысқа ие.

Қазақстандағы ең жоғары жалақы қай мамандықтарда?
Жалақы деңгейі бойынша бас құрылысшылар, телекоммуникация жобаларының жетекшілері мен өнімді әзірлеу жөніндегі басшылар көш бастап тұр.
• Бас құрылысшылар – 663 мың теңгеден бастап;
• Телекоммуникациядағы жоба жетекшілері – 653 мың теңге;
• Өнімді әзірлеу жөніндегі басшылар – 625 мың теңге.

Сонымен қатар, кейбір мамандардың сұратқан жалақысы әлдеқайда жоғары:
• IT-бөлімшелердің басшылары – 1,3 млн теңгеден бастап;
• Энергожүйе инспекторлары – 1,3 млн теңге;
• Геофизиктер – 1,2 млн теңге.

Елімізде жұмыс орындарының саны азайғанымен, еңбек нарығындағы бәсеке мен жоғары жалақыға деген сұраныс артып келеді.

Ал сіз қай салада жұмыс істейсіз? 💸

Өзбекстанда өнер иелері концерт жарнамасында фонограмма қолданатынын көрсетуге міндеттелді

Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құжат концерттерде түрлі деңгейде қолданылуы мүмкін фонограмманың ережелерін қамтиды.

Заңға сай, енді музыкалық шығарманы орындау үш деңгей бойынша бағаланады:

— жанды дауыс;

— ішінара фонограмма қолдану;

— толық фонограмма қолдану.

Сонымен қатар, концерт жарнамасында әнші фонограммамен ән салатынын көрсетуі тиіс. Бұл талаптар орындалмаған жайғдайда әртіске айыппұл салынуы мүмкін.

Мұндай бастама Қазақстанға қажет пе? Қалай ойлайсыз?😨

2024 жылы Қазақстанға көшіп келгендердің саны 15,3%-ға артқан

2024 жылы Қазақстанға сырттан келгендердің саны бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,3% артты, ал сыртқа көшіп кеткендер саны 20,9% азайды.

2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден кеткендер саны – 12 732 адам. Көші-қон сальдосы 16 550 адамды құрады. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалып отыр.

«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келгендердің үлесі 81,6% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8% құрады. Басқа елдердің ішінде көшіп келгендердің көпшілігі Қытайдан, Моңғолиядан және Түркиядан болған, ал басқа елге кеткендердің басым бөлігі Германия, Польша және АҚШ-қа кеткен», — деп жазылған хабарламада.

Шетелден тұрақты тұру үшін келгендер негізінен Алматы қаласын (6 260 адам), сондай-ақ Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын таңдаған. Керісінше сыртқа кеткендердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан (2 133 адам), Қарағанды (1 588) және Шығыс Қазақстан (1 195) облыстарында тіркелген.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде оң сальдо қалыптасып отыр, олар Астана (73 238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент (9 361 адам) қалалары мен Алматы облысы (2639 адам).

Мәссаған😮

Депутат халықты заңсыз несиелерден қорғайтын жаңа нормаларды қарастыруды ұсынды

Мәжілісте “Қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралып жатыр. Құжат қаржы ұйымдарын бақылауды күшейту, азаматтарды алаяқтықтан қорғау және несиелеу жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Депутат Айдарбек Қожаназаров заң жобасында қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және қаржы ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға қатысты бірқатар маңызды түзетулер қарастырылғанын атап өтті.

Негізгі өзгерістер:

• Несие рәсімдеу талаптарын күшейту. Егер қарыз алушы тіркелмеген телефон нөмірін пайдаланса немесе биометриялық сәйкестендіруден өтпесе, мұндай жағдайда банк берген несие келісімі жарамсыз деп танылады.
• Алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер бойынша қарыз өндіруді тоқтату. Егер қарызға қатысты қылмыстық іс қозғалған болса, банктер борышты өндіру процесін тоқтатуға міндеттеледі. Бұл алаяқтық құрбандарын заңсыз қаржылық талаптардан қорғауға көмектеседі.

Орынды ұсыныс екен!👍