Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Жемқорлық туралы хабарлаған 104 адамға 35,5 млн теңге сыйақы берілді
2024 жылы жемқорлық туралы хабарлаған 104 азаматқа 35,5 млн теңге сыйақы берілді.
Өткен жылы Call-орталыққа жемқорлық жайлы 26 мыңнан астам хабарлама түскен. Агенттік ақшалай сыйақыдан бөлек, жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін 38 мемлекеттік қызметшіні марапаттаған.
«Сыйақы алғандардың ең көп саны Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұрады. Мемлекеттік қызметшілердің арасында жемқорлық туралы хабар беретіндердің саны артып келеді», — делінген хабарламада.
Айта кететіні, сыйақы сомасы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Ал сіз жемқорлықтың куәсі болдыңыз ба?📍
27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды қосалқы бөлмеде заңсыз ұстаған.
Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі.
Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Абай болыңыздар! ‼️
Кейінгі үш жылда елге 1,12 трлн теңге заңсыз активтер қайтарылды – Антикор
Елімізден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл процесс мемлекеттік институттарға деген қоғамның сенімін арттыруға бағытталған басты міндеттердің бірі болып қала береді. 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік секторға 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылған.
Заңсыз жолмен алынған қаражат пен мүлікті іздестіру жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүргізілуде. Бұл бағытта Қаржылық мониторинг агенттігінің барлау бөлімшелерімен және халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ, бейресми байланыс арналары мен өзге де механизмдер қолданылып жатыр.
“Бұл тәсіл ұрланған активтерді жедел анықтап, елге қайтаруға мүмкіндік береді”, — деді Бигайдаров.
Біраз іс атқарылыпты👍
Медеу” мұз айдыны бірнеше жылға жабылады
“Медеу” мұз айдынында былтыр сырғанау маусымы 15 наурыз күні аяқталған еді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл қала тұрғындарының тілегі және мұзды тиісті деңгейде сақтауға мүмкіндік беретін ауа райының арқасында нысан наурыз айының соңына дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, 11 наурыздан бастап мұз айдыны тек кешкі жұмыс уақытына көшті. Атап айтқанда, жұмыс күндері сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін, ал демалыс күндері 17:00-ден 20:00-ге дейін және 21:00-ден 24:00-ге дейін ашық болады.
Алматы қаласының Құрылыс басқармасы биылғы маусымнан кейін «Медеу» жөндеу жұмыстарына жабылатынын мәлімдеді.
“Медеуді”жаңғырту жұмыстары EPC келісімшарты (Engineering, Procurement, Construction) шеңберінде осы жылы жоспарланған. Тиісінше, бұл маусым жөндеу жұмыстары алдындағы соңғы маусым болады. Жобаның құны мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін айқындалады”, — деп хабарлады басқармадан.
Реконструкция жұмыстарын 2025-2027 жылдары аралығында жүргізу жоспарланған. Қала әкімшілігі «Медеу» мұз айдыны жабылуына байланысты жаппай сырғанаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қысқы маусымда көше мұз айдындарының санын одан әрі ұлғайтуды қарастырады.
Мәссаған, қалай болар екен?😶