Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
БЖЗҚ алаяқтық әрекеттеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алуға төмен пайызбен «көмек» көрсету қызметі туралы жалған хабарландырулар жаппай таратылуда. Делдалдар сізді адастыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдаланады, — делінген мәліметте.
БЖЗҚ қатаң ескертеді:
* төлемдерді алу тек заңмен қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін;
* зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, қызмет комиссиясыз жүргізіледі;
* БЖЗҚ өз қызметі үшін комиссия алмайды, ал барлық төлем түрлері қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады;
* • зейнетақы жинағын тұрғын үйге және емделуге мақсатты пайдалану тек екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Абай болыңыздар!‼️
Қазақстанда жеті футбол клубы жекеменшікке берілуі мүмкін
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, олардың қатарында “Астана”, “Атырау”, “Ордабасы”, “Тұран”, КГП “Шахтер”, “Каспий” және АҚ “Шахтер” клубтары бар.
“Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда олардың коммерциялануы мен облыстық бюджеттерге тәуелсіз, өздігінен қаржылануының маңыздылығын атап өткен ұстанымына сәйкес келеді”, — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футболды дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын.
“Футболды дамытуға басымдық беруіміз керек. Демеушілердің қаржысы есебінен облыстық стадиондарды жаңғыртып, қажет болған жағдайда жаңаларын салу қажет. Әрбір облыс, аудан орталығы, ауыл мен кентте балаларға арналған футбол алаңы болуы тиіс. Бұл – алдағы екі жыл ішінде шешілуі тиіс міндет. Оның орындалуын қатаң бақылауда ұстаймыз,” – деді Мемлекет басшысы.
Жақында сатылымға шығарылуы мүмкін💴
Елімізде +25 градусқа дейін күн жылынады
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері кең антициклон солтүстік, шығыс және орталық өңірлерге әсерін сақтайды, бұл аймақтарда ашық, күн шуақты ауа райы күтіледі.
Батыс пен оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, ал оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар күтіледі. Сонымен қатар, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін, – деп хабарлады синоптиктер.
Қазақстандағы ауа температурасы:
Батыс өңірлерде:түнде -3…+5°С-тен +5…+15°С-қа дейін жылынады, күндіз +10…+18°С-тен +12…+25°С-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыста:түнде -5…+5°С-тен +1…+8°С-қа дейін жылы, күндіз +10…+16°С-тен +10…+20°С-қа дейін жетеді.
Солтүстікте:түнде -6…+3°С, күндіз +7…+15°С.
Орталықта:түнде -1…-9°С-тен -5…+2°С-қа дейін көтерілсе, күндіз +4…+12°С-тен +7…+15°С-қа дейін жылынады.
Шығыста:түнде -2…-15°С, күндіз +5…+15°С-тен +10…+18°С-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстікте:түнде 0…+5°С, күндіз +12…+18°С-тен +17…+22°С-қа дейін жылынады.
Оңтүстік-шығыста:түнде -10…+3°С, күндіз +7…+15°С-тен +12…+22°С-қа дейін көтеріледі.
Күн суытып кетіп еді, жақсы болды👍
Экология министрлігі киік атудан бас тартпақшы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта киік санын реттеудің негізгі қағидаттары айқындалғанын мәлім етті.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес киік популяциясын басқару мәселесін кешенді түрде қайта қарастырып жатыр. Министрлік үшін басты қағидат — биоалуантүрлілікті сақтау мен ауыл шаруашылығы саласының мүдделерін тең үйлестіру. Қазіргі таңда киік санын реттеу мақсатында тікелей ізгілікке қайшы әдістерден бас тартылып отыр, — деп жазылған жауапта.
Ведомство мамандарының мәліметіне сүйенсек ізгілікке қайшы әдістер үш бағытқа құрылған. Олар:
— Спутник арқылы бақылау жолымен киік миграциясы мен шоғырлануын мониторингілеу және болжау;
— Киік санын биологиялық шектерде (арнайы қаумалдарда) ұстау үшін ұзақ мерзімді ғылыми негізделген жоспар әзірлеу;
— Фермерлерге қолдау тетіктері — қоршау құралдарына субсидиялар, залалды өтеу әдістемесін әзірлеу;
— Тиісті заңнамалық өзгерістер — киік қозғалыс дәліздерімен үйлестіріп, жайылымдарды басқару.
— Министрлік «табиғатты қорғау — адамды қорғау» қағидатына сүйене отырып, халықаралық тәжірибе мен ғылыми ұсыныстар негізінде экожүйелік тепе-теңдікті сақтайтын ұтымды шешімдерді қарастыруда, — делінген ресми жауапта.
Жақсы бастама🔥