Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 10 апреля, 2025


Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер 11 сәуірде сатылымға шығады: бағасы – 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін

“Астана Концерт” компаниясының продюсері Малик Хасенов Дженнифер Лопестің концертіне билеттердің 11 сәуірде сағат 11:00-де сатылымға шығатынын мәлімдеді. Билеттер тек Freedom Ticketon сайтында сатылмақ.

Билеттердің бағасы 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болады, сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеге сатылады. Билеттер сатылымға шығар алдында, жүйе бойынша, алдымен ваучер сатылады, ал концертке үш күн қалғанда әмбебап QR-код беріледі. Бір адамға тек төрт билет сатуға болады.

Концерт 1 тамызда “Астана-Арена” стадионында өтеді және қала экономикасына 6,5 млрд теңге табыс әкеледі деп болжануда. 15 мың туристің келуі күтілуде, ал бюджетке 400 млн теңге салық түседі.

Концерт Астанада өтетінін еске саламыз!😍

OpenAI Илон Маскқа қарсы сотқа арыз түсірді

OpenAI Илон Маскқа қарсы сотқа талап арыз беріп, федералды судьядан Масктың компанияға қарсы кез келген “болашақтағы заңсыз әрекеттерін” тоқтатуды сұрады. Наурыз айында Масктың OpenAI-дың коммерциялық ұйымға айналуына қарсы талап арызы кері қайтарылғаны хабарланған. Сонымен қатар Маск басқаратын инвесторлар консорциумы OpenAI-дың коммерциялық емес ұйымын сатып алу үшін 97,4 миллиард доллар ұсынды.

OpenAI 2022 жылдың қарашасында ChatGPT чат-ботымен танылды, ал компанияның негізін қалаушылардың бірі Илон Маск кейінірек байланысын үзген.

Мәссаған!😯

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға арналған қажетті құжаттар тізімі жарияланды

“Астана Концерт” компаниясының продюсері Малик Хасенов Дженнифер Лопестің концертіне билеттердің 11 сәуірде сағат 11:00-де сатылымға шығатынын мәлімдеді. Билеттер тек Freedom Ticketon сайтында сатылмақ.

Билеттердің бағасы 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болады, сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеге сатылады. Билеттер сатылымға шығар алдында, жүйе бойынша, алдымен ваучер сатылады, ал концертке үш күн қалғанда әмбебап QR-код беріледі. Бір адамға тек төрт билет сатуға болады.

Концерт 1 тамызда “Астана-Арена” стадионында өтеді және қала экономикасына 6,5 млрд теңге табыс әкеледі деп болжануда. 15 мың туристің келуі күтілуде, ал бюджетке 400 млн теңге салық түседі.

Құлаққағыс!📌

Алматыда “Жеңіс тарихы” атты патриоттық челленджі басталды

Бүгін Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» челленджі басталды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді қатысып жатыр. Олар соғысқа қатысқан туыстарының немесе әскери жылдардағы отбасылық мұрағаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялап, оларды қысқаша әңгімелермен немесе естеліктермен бірге ұсынуда.

Алматылықтардың әрбір отбасы дерлік өз атасы мен әжесінің естелігін қастерлеп сақтайды – бұл қара-ақ фотосуреттер, сарғайған хаттар, жеке заттар болуы мүмкін. Біздің бейбіт күніміз үшін жанын қиған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері, Отанына адал болған жүздеген мың қазақстандықтардың жадында мәңгілікке қалады!

Мысалы, Алматы тұрғыны Ирина Амирова өз аталарының оқиғасымен бөлісті.

Біздің отбасымызда соғысқа екі арғы атам қатысқан. Бірі – жаяу әскер, екіншісі – сапер болған. Олар бір-бірімен таныс болмаған, бірақ олардың жолдары Жеңіске деген сенімде түйісті. Бірі аяғынан айырылып, бірақ өмірге деген сүйіспеншілікпен оралды. Екіншісі 1943 жылы Смоленск түбінде хабар-ошарсыз кеткен. Оның есімі обелискке қашап жазылған, біз жыл сайын мамырда сол жерге гүл апарамыз. Бұл екі тағдыр – соғыстың қос қыры: қаза қайғысы мен төзім. Отбасымыз олардың естелігін сақтайды, өйткені бұл бейбіт өмір бізге қандай бағамен келгенін ешкім ұмытпауы керек. Бұл – менің Жеңіс тарихым.

Тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы Айжан Маратова атасының ағасы туралы айтып берді.

Атамның ағасы Ленинградты жанкештілікпен қорғағандардың бірі болған. Соғыс жайлы сирек айтатын, көбіне үнсіз қалатын, ішкі жан-дүниесінде көп нәрсені жасырып жүретін. Жеңіс күні ол әрқашан сабырлы болатын. Бірақ бір жылы, бүкіл отбасымызбен қаза тапқандар ескерткішіне барғанда, оның ерні дірілдеп, көзінде жас жылтырап тұрғанын көрдім. Ол жай ғана былай деді: «Шынайы жеңіс – тек қалаларды азат етуде емес, фашизмді жеңуде емес. Жеңіс – халықтың бәрін бастан өткеріп, адамшылықтан айырылмай, аман қалғанында». Бұл сөздер мәңгі есімде қалды.

Әлеуметтік желілерде алматылықтар өздерінің ата-әжелерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларымен белсенді бөлісуде. Дәл осы жерде ерлікпен Отанын қорғаған атақты атқыштар дивизиялары құрылған болатын.

Соғыстың алғашқы күндерінде Алматы маңында оқ ату мен қазіргі заманғы соғыс өнеріне үйрететін оқу-жаттығу алаңдары пайда болды. 1941 жылы тек Алматыдағы атқыштар-пулеметшілер училищесі ғана армияға 2429 жас офицер дайындады.

Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді қатысып жатыр👍