Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 14 января, 2025


Кеш жарық, құрметті оқырмандар!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

💸 Бір жылдан кейін 1 АҚШ доллары 552,5 теңге болуы мүмкін

Қаржы нарығының мамандары ақпан айының ортасында доллар бағамы 527,3 теңге болады деп болжап отыр (бұған дейін 524,1 теңге деп көрсетілген). Ал бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 552,5 теңгеге дейін жетуі мүмкін (бұрынғы болжам – 545,2 теңге).

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютаға әсер ететін негізгі факторлар – Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, рубльдің әлсіреуі, дамушы нарықтардағы тәуекелдердің өсуі, мұнай бағасының төмендеу қаупі, импорттың артуы және Қазақстанның сыртқы қарызы бойынша ірі төлемдер (Қаржы министрлігі биыл 2,5 млрд доллар төлем жасауы тиіс).

Сонымен қатар, инфляция деңгейі де жыл соңына қарай 9,4%-ға жетуі мүмкін, бұл ақша-несие саясатын қатаңдатуды талап етеді. ҚҚҚ болжамы бойынша, бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме 14%-ды құрайды.

Бұған не дейсіз?🤔

Елордалық студент ұшақ бортында жолаушының өмірін құтқарып қалды

Астана медициналық университетінің интерні ұшақ бортында жолаушыны өлімнен арашалап қалды.

Оқиға Қызылорда–Астана бағытындағы рейсте болған. Ұшақта жолаушы есінен танып, жүрегі мен тынысы тоқтаған.

Жолаушыға көмектескен азаматтың медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхамед екені белгілі болды. Ол Азаттық рухыпорталына оқиғаның қалай өрбігенін егжей-тегжейлі баяндап берді.

“Ұшақта біреудің өмірін құтқарамын деп ешқашан ойламаппын. Бортсерік “дәрігер бар ма?” деп сұрағанда, ешкім шықпаған соң, көмек көрсетуге бел будым. Науқасқа жақындағанда оның шамамен 50 жаста екенін байқадым. Ол кеуде тұсының ауырғанын, жүрегінің қысылып тұрғанын айтты.
Мен бортсеріктерден қан қысымын өлшейтін құрал сұрадым. Алайда сол сәтте ол есінен танып қалды. Тынысы тарылып, көз қарашығы үлкейе бастады. Мен оны жерге жатқызып, жүрекке тікелей массаж жасап, реанимация шараларын бастадым. Бір циклден кейін науқас есін жиды. Оған аспирин таблеткасын беріп, оттегі маскасын тақтым. Ұшақ жерге қонған соң, жедел жәрдем науқасты ауруханаға алып кетті”, – дейді болашақ дәрігер.

Міне, жас жігіттің батылдығы — көпке үлгі👍

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сату мен сатып алуға қатысты жаңа ереже енгізді

Ұлттық Банк “Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы” қаулы жобасын дайындағанын мәлімдеді.

Банк ұсынған өзгерістерге сәйкес, айырбастау пункттерінде шетел валютасын теңгеге сатып алу мен сату бағамдарының арасындағы айырмашылыққа шек қойылмақ. АҚШ доллары үшін бұл шек 7 теңге, ал еуро үшін 10 теңге мөлшерінде белгіленуі мүмкін.

Бұл шараның негізгі мақсаты – валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді шектеу және қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін азайту.

Айта кетерлігі, бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Біле жүріңіз!📍

Қазақстандықтар «Стоп кредит» қызметі арқылы өз атына несие рәсімдеуге тыйым сала алады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автоматты түрде жойылатын кредиттерге қатысты түсініктеме таратты.

Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту қызметі бар. Соның аясында әрбір қазақстандық өз атына кредит ресімдеуге тыйым сала алады. «Стоп кредит» қызметін екі жолмен рәсімдеуге болады.
egov.kz сайты:

жеке кабинетке кіру;

әрі қарай «Қызметтер» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметіне онлайн тапсырыс беру;

одан кейін барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қою;

өтінім нәтижесімен жеке кабинетіңіздегі «Қызметтер тарихы» тарауынан танысу; E-gov mobile қосымшасы:

«Қызметтер» бөліміне өту;

«Салықтар және қаржы» бөлімін таңдау;

мәзірде «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» бөлімін басу;

ЭЦҚ-кілт арқылы қызметті ресімдеуге келісім беру;

«Осыдан кейін кредиттік тарихыңызда несие алудан уақытша бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйым несие бюроларынан деректерді сұрай отырып, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке кредит бермеу туралы шешім қабылдайды. Егер адамның атына кредиттер ресімдеуге дербес тыйым салынғаннан кейін оның атына қарыз ресімделсе, онда берешек автоматты түрде жойылады», — дейді агенттік мамандары.

«Стоп кредит» қызметін кез келген уақытта өшіруге болады. Шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін басқа ұйымдарға қолданылмайды.

Осы жүйе арқылы кредитер автоматты түрде жойылады☝🏻