Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жіберді
Президент тапсырмасымен Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді.
«Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі – 2,2 мың тонна. Бұлар – өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек», — дейді ведомство.
Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемімен көрсетілді.
Президент тапсырмасымен Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді.
«Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі – 2,2 мың тонна. Бұлар – өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек», — дейді ведомство.
Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемімен көрсетілді.
Бәрі жақсы болсын🙌🏻
Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жүйелі бұзатын жүргізушілерге жеңілдік беруді тоқтатуды ұсынды
Сенат депутаты Марат Қожаев жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаны күшейту жөніндегі ұсынысын Сенаттың дәлізінде түсіндірді.
Биылғы жылдың 13 ақпанында Қожаев үкіметке депутаттық сауал жолдап, жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлды бір апта ішінде төлеген жағдайда берілетін 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынған.
Оның айтуынша, бұл ұсыныс жол ережесін жүйелі түрде, қасақана және бірнеше рет бұзатын азаматтарға қатысты болған.
“Заң ондай жүйелі бұзушыларға қарсы дәрменсіз болып тұр. Олар айыппұл келгенімен, тоқтамайды. Ондай адамдар күн сайын автобус жолағымен жүріп, қоғамдық көлікке кедергі келтіреді, жылдамдықты асырып, жолда қауіп тудырады. Олардың арасында қымбат көлік мінген, ауқатты отбасылардан шыққан жас жігіттер бар. Олар үшін бұл айыппұлдар — формалдылық қана. Өздеріне “ақылы жол” жасап алғандай жүйелі түрде заң бұзады”, — деді Қожаев.
Оның келтірген мәліметінше, кейбір жүргізушілер бір жылдың ішінде 100-150 рет жол ережесін бұзады.
“Менің ұсынысым — дәл соларға қатысты. Егер бір адам бір жылда бір типтегі жол ережесін 10 рет бұзса, 11-ші ретте оған 50 пайыз жеңілдік беруді доғарайық. Бұл басқа адамдарға қатысы жоқ. Бұл — жол ережесін қасақана бұзатын азғантай топқа қатысты. Жыл ішінде жол ережесін 10-нан 50-ге дейін рет бұзғандар шамамен 195 мың адамды құрайды. 50-ден 100-ге дейін бұзғандар — бірнеше мың. Ал 300 және одан да көп рет бұзған жүргізушілер бар — олардың саны жүздеген”, — деп толықтырды депутат.
50% жеңілдік қарастырылған екен📌
Honor мен Google стратегиялық серіктестік орнатып, жасанды интеллектіні баршаға қолжетімді етпек
Google Cloud Next 2025 аясында технология әлемін елең еткізген жаңалықтардың бірі — Honor мен Google компанияларының жаңа стратегиялық серіктестігі болды. Бұл ынтымақтастықтың басты мақсаты — жасанды интеллект мүмкіндіктерін тек қымбат флагмандық құрылғыларда емес, енді орта сегменттегі смартфондарда да қолжетімді ету.
Жасанды интеллект — тек элитаға емес, баршаға
Көп уақыт бойы жасанды интеллектінің озық функциялары тек жоғары бағадағы құрылғыларда ғана қолданылып келді. Honor мен Google арасындағы серіктестік осы тенденцияны бұзып, AI құралдарын көпшілікке ұсынуды көздейді. Енді кәсіби деңгейдегі фото өңдеу мен интеллектуалды мүмкіндіктер кез келген қолданушыға қолжетімді болмақ.
Алғашқы қадам — Honor 400 Lite
Орташа баға сегментіндегі Honor 400 Lite моделі осы серіктестіктің алғашқы жемісі ретінде таңдалды. Бұл — Google-дың озық AI технологияларымен толық жабдықталған алғашқы смартфон. Енді қолданушылар күрделі бағдарламаларды қажет етпей-ақ, өз құрылғылары арқылы сапалы контент жасап, фотоларын кәсіби деңгейде өңдей алады.
Қандай функциялар қолжетімді болады?
Google Cloud инфрақұрылымы Honor құрылғыларына келесі жасанды интеллект құралдарын ендіреді:
• Imagen — фотосуреттерді интеллектуалды түрде толықтырып, олардың сапасын жақсартады;
• AI Outpainting — кадрдан тыс аймақтарды логикаға сай кеңейтіп, көкжиек немесе фонды ұлғайтады;
• AI Eraser — кадрдағы қажетсіз элементтерді өшіріп, табиғи фонмен алмастырады;
• AI Upscale — ескі немесе төмен сапалы суреттердің ажыратымдылығын арттырады.
Қазақстандағы қолданушылар не ұтады?
Бұл жаңалық Қазақстандағы қолданушылар үшін ерекше мүмкіндік әкеледі. Енді жасанды интеллектінің заманауи функциялары қолжетімді бағамен ұсынылып, отандық контент жасаушылар мен SMM мамандар үшін жаңа көкжиектер ашылады. Сонымен қатар, Google Cloud платформасының әлеуеті қазақ тіліне бейімделген AI өңдеу құралдарын іске қосуға жол ашуы мүмкін.
Тамаша!👍
Геннадий Головкин спорт саласындағы доктор атағын алды
Құрметті доктор атағының берілуін мен өзімнің жеке жетістігімнен бөлек, Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілету жолындағы ұмтылыстарым мен еңбегіме көрсетілген зор сенім мен жоғары бағалаудың белгісі ретінде қабылдаймын. Спорттағы жолымды жаңа қырынан жалғастыру мүмкіндігіне ие болу — мен үшін үлкен мәртебе. Шын мәнінде, спорттық өмірдің әр кезеңі өзіндік құндылықтарымен ерекшеленеді және тың мүмкіндіктерге жол ашады. Мен осы жолда спортты дамытуға әрі еліміздің халықаралық беделін арттыруға бағытталған миссиямды табандылықпен жалғастыра беремін, — деп жазды Головкин.
Құтты болсын!😍