Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсайтын шығынының басым бөлігі етке тиесілі
Өткен кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстары осы жолы да азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,9%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,7%) тиесілі.
Азаматтар, негізінен, нан мен жарма өнімдерінкөп пайдаланады. Жылына орта есеппен бірадам осы тағамдардың 123,5 келісін жейді екен. Одан бөлек мына тағамдарды да жиі тұтынады:
* ет және ет өнімдері жан басынашаққанда жылына 82,6 келі;
* балық және теңіз өнімдері-14,2 келі;
* сүт және сүт өнімдері-232,2 келі;
* жұмыртқа (дана) — 232,2 келі;
* майлар — 15,7 келі;
* жемістер-80,2 келі;
* көкөністер-80,6 келі;
* картоп-45,2 келі;
* қант, джем, бал, шоколад, кондитерлікөнімдер-43,1 келі.
«Ет пен ет өнімдері тұтынысының ең жоғары деңгейі Жетісу, Жамбыл, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалады», деп хабарлайды Ұлттық статистикалық бюросы.
Мәссаған!😶
Қазақстанда алғаш рет робот онкохирургиялық операция жасады
Елімізде алғаш рет Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында робот операция жасады.
Белгілі болғандай, жоғары технологиялы роботтандырылған онкохирургиялық операция – кеңейтілген лимфодиссекциямен нефрэдреналэктомия сәтті өтті.
Бірегей хирургиялық ота онкологиялық аурудың асқынған түріне жасалған. Осылайша, зақымдалған бүйрек, бүйрекүсті без және аймақтық лимфа түйіндері алынып тасталды.
Операцияны жасауға жаңа буындағы роботтандырылған хирургиялық платформа – Sage bot SR–2000 қолданылды.
Айта кетерлігі, хирургиялық платформа тіпті, күрделі клиникалық жағдайлардың өзінде азинвазивті операцияларды жасауға кең мүмкіндікке ие.
Оның бұған дейін қолданылған жартылай автоматты жүйелерден айырмашылығы – Sage bot SR–2000 хирургиялық дәлдік, көзбен көру және бақылаудың жаңа деңгейіне шығуға жол ашты. Сондай-ақ бұрын техникалық тұрғыдан қолжетімділігі қиын онкологиялық ауруларды емдеуге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Бұл оқиға Қазақстандағы онкохирургияның дамуына жаңа серпін берді. Біз пациенттерімізге тіпті, ең күрделі клиникалық жағдайларда көмек көрсете алатынымызға қуаныштымыз, — деп атап өтті ҚазОРҒЗИ директоры Ербол Бекмұхамбетов.
Роботтандырылған операцияның артықшылықтарына тоқталсақ:
* Обырдың ең кең таралған түрлерінде жоғары тиімділік;
* Операцияның көлемін сақтау отырып, тіндердің жарақатын азайту;
* Дәлдікті арттыру үшін операция аймағын 3D-визуализациялау;
* Құралдардың микрохирургиялық тұрғыда ыңғайлылығы;
* Операциялық бригадаға түсетін физикалық күшті азайту;
* Пациентті қорғаудың дербес жүйесі.
Тамаша!👍
2024 жылы зейнетақы жинақтарының инвестициялық кірісі 2,37 трлн теңгені құрады
Бүгінде зейнетақы активтерінің басым бөлігі – 22,7 трлн теңге ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында. Осы ақшаны инвестициялаудың негізгі бағыттары:
қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%;
квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%;
ұлттық банктің депозиттері – 3,86%;
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің облигациялары – 3,16%;
Қазақстан эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%;
микроқаржы ұйымдары — 1,38%.
Инвестициялық портфельдің 59,94 проценті ұлттық валютада, 40,05 проценті — АҚШ долларымен, қалғаны басқа валютамен сақталған.
«Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік — 11,99%, инфляция мөлшері — 10,00%», — дейді қор мамандары.
Бұдан бөлек, 2023 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50 процентін сенімгерлік басқаруға бере алады. Осы уақытқа дейін жеке меншік компаниялардың басқаруына шамамен 62,78 млрд теңге берілді. Олар:
«Jusan Invest» АҚ – 11,40 млрд теңге;
«Halyk Global Markets» АҚ — 5,30 млрд теңге;
«BCC Invest» АҚ — 5,94 млрд теңге;
«Сентрас Секьюритиз» АҚ — 2,19 млрд теңге;
«Halyk Finance» АҚ — 37,95 млрд теңге.
Бұл компаниялар зейнетақы жинақтарын, көбінесе, Exchange Traded Funds (ETF) пайларына, екінші деңгейлі банктердің облигацияларына, «кері РЕПО»-ға, отандық және шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларына, квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салады. Олар да инвестицияның басым бөлігін ұлттық валютамен сақтайды.
Соңғы 12 айда жеке меншік компаниялардың басқаруына берілген зейнетақы жинақтарының кіріс үлесі 13,85%-16,64% болды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару туралы есеп ұсыныпты📌
Астана тұрғыны сүйіктісіне жұмсаған 5 миллион теңгесін қайтару үшін сотқа арыз түсірді
Қала тұрғыны қызбен интернет арқылы танысқан. Одан кейін WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасып тұрған. Біршама уақыттан кейін сүйіктісі денсаулығына байланысты материалдық көмек сұрай бастайды. Ал жігіт көмек беруге келіскен. Сөйтіп, Kaspi қосымшасы арқылы ақша жіберіп отырған.
«Істі қарау барысында тараптар арасында жеке (романтикалық) қарым-қатынас болғаны анықталды, осыған орай талап қоюшы материалдық көмекті ерікті түрде көрсеткен. Тараптар арасында қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің болғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынылмады. Ал Kaspi сервисі арқылы жүргізілген аударымдарда ақшаны қайтару немесе басқа да міндеттемелер туралы шарттар болмаған», — делінген сот үкімінде.
Осыған байланысты судья талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімге келді. Себебі Азаматтық кодекстің 954-бабына сәйкес, қайырымдылық, материалдық көмек немесе сый ретінде берілген ақша негізсіз баю ретінде қайтарылмайды.
Талап қоюшы аппеляциялық шағым да түсіріп көрген. Бірақ Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Бұған не дейсіз?😶