Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 12 мая, 2025


Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгеден асты

ҚР Ұлттық статистикалық бюросы 2025 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздегі жалақыға қатысты есеп-қисапты ұсынды.

2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады.

«Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық», — дейді ұлттық бюро.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі мына салаларда тіркелді:

* ақпарат және байланыс – 31,3%,
* ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%,
* өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды.
*
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I-тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі мына өңірлерде тіркелді:

* Ұлытау облысында –19,4%,
* Қостанай облысында – 14,6%,
* Алматы қаласында – 14,2%,
* Павлодар облысы — 13,5%.

Ал сіздің айлығыңыз көрсетілген сомаға жете ме әлде одан аса ма?😶

Елімізде жаңа үйлер бағасы шарықтап барады

2024 жылдың сәуір айында Алматыдағы жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтер бағасы тағы да шарықтап, бір айда 3,4%-ға өсті. Бұл – 2023 жылдың қыркүйегінен бері тіркелген ең жоғары өсім көрсеткіші. Осылайша, жаңа тұрғын үйлер сегментіндегі баға сегіз ай қатарынан үздіксіз өсіп отыр.

Ал ел астанасында бұл көрсеткіш сәл төмен – 2,5%-ды құрады. Дегенмен, Астанадағы бағаның тұрақты түрде өсуі ұзақтығы жағынан жаңа рекорд орнатып отыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген Data Hub мәліметінше, Астанадағы баға ай сайын өзгеріп отырған кезең соңғы рет 2022 жылдың күзіне сәйкес келген.

Жыл басымен салыстырғанда, сәуір айында Алматыда жаңа баспана бағасы 7,8%-ға, ал Астанада 4,4%-ға өскен. Бұл екі мегаполис бүгінде жаңадан салынған тұрғын үйлердің қолданысқа берілуі бойынша көш бастап тұр.

Екінші нарықтағы жағдайға келсек, Алматыда наурыз айындағы баға өсімінен кейін әзірге белгілі бір тұрақтылық байқалады. Дегенмен, өсім үрдісі жалғасуда – сәуірде баға 2,3%-ға қымбаттап, бұл сегмент қатарынан төртінші ай өсім көрсетіп отыр.

Алайда Астанада наурызбен салыстырғанда баға сәл төмендеді – 0,2%-ға. Осылайша, бес ай бойғы баға өсімі тежелді. Ал 2024 жылдың басынан бері Алматыдағы екінші нарықтағы (яғни, бұрын пайдаланылған пәтерлер) баға 10,4%-ға артса, Астанада бұл көрсеткіш тек 2,2%-ды құрады.

Ал сіз үй алып үлгердіңіз бе?🤔

Қазақстанда әр адамға күніне 5 литрден су беріп, тұтынуды шектеу мәселесі қаралып жатқан жоқ

Қазақстанда әр адамға күніне 5 литрден су беріп, тұтынуды шектеу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап суды үнемді пайдалануға ынталандыратын дифференциалды тариф енгізілген.

“Бұл жүйе өзін-өзі ақтап жатыр. Тұрғындар суды үнемдей бастады. Ал кім көп тұтынса, көп төлейді – яғни, таңдау бар. Сондықтан бұл тетік ауызсумен қамту саласына енгізілді. Ал сіз айтып отырғандай, суды адам басына шақтап беру – күн тәртібінде тұрған мәселе емес”, – деді ол мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Нұржігітовтың дерегінше, Қазақстанда жыл сайын 100 миллиард текше метрге жуық су қалыптасады, соның тек 1 миллиарды ауызсу ретінде пайдаланылады.

“Жаңа Су кодексінде ауызсу – ең басты басымдық ретінде белгіленген. Егер келешекте су тапшылығы туындаса, бірінші кезекте тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі”, – деді министр.

Ескере жүріңіздер!📍

Алматы мен Дели арасында әуе қатынасы қайта ашылады

Алматы мен Дели арасында әуе қатынасы жанданады.

«Әуе компаниясы 19 мамырдан бастап «Алматы – Дели – Алматы» бағытындағы KC 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта іске қосады», — деп хабарлады компаниядағылар.

Сондай-ақ 14 мамырдан бастап «Алматы – Мумбай – Алматы» бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыт бойынша орындалады.

Ұшулар бұрынғы кесте бойынша орындалады екен‼️