Бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтары

Автор: редактор 22 мая, 2025


Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

Биыл көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 202 млрд теңге сомасында жәрдемақы алды

Соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 611,5 мың отбасы 176,0 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 242 мың адам 25,9 млрд теңгеге қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

* «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
* «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

Тамаша! 👍

Ұлттық Банк криптоиндустрияны реттейтін заң жобасын ұсынды

Ұлттық Банк еліміздегі цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту және криптоактивтер нарығын реттеу мақсатында заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірленген заң жобасы цифрлық қаржы инфрақұрылымының құқықтық мәртебесі, мақсаты мен міндеттерін нақтылауға бағытталған. Құжат екі негізгі блоктан тұрады:

– Бірінші блокта цифрлық қаржы активтерінің құқықтық негізін қалыптастыру және олардың айналымын заңдастыру көзделген.
– Екінші блокта криптовалюта саласындағы қызмет көрсетушілерге лицензия беру арқылы қамтамасыз етілмеген криптовалюталардың айналымын реттеу мәселесі қарастырылған.

“Бұл заңнамалық бастамалармен қатар, Ұлттық Банк цифрлық активтер саласында реттеуші орта қалыптастырады. Сол арқылы нарық қатысушылары жаңа сервистер мен технологияларды сынақтан өткізе алады”, – деді Шолпанқұлов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда криптовалюталар тек «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы арнайы пилоттық жоба негізінде заңды түрде айналымда жүр.

Заңнамаға бірқатар түзету енгізілмек📌

Алдағы уақытта доллар қайта қымбаттауы мүмкін

Бұл туралы Dalanews.kz мәлімдеді.

2024 жылы ағымдағы шоттың тапшылығы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, негізінен, шетелдік инвесторларға төленетін инвестициялық кірісті (4,8 миллиард долларға — 23,7 миллиард долларға дейін) төмендету арқылы -3,7 миллиард долларға (2023 жылы -9,4 миллиард доллардан) дейін қысқарған. Алайда шетелдік инвесторларға төленетін кірістің жалпы төмендеуіне қарамастан акционерлерге төленетін дивидендтер 14,6 миллиард долларға дейін өскен (+2,1 миллиард доллар). Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) Талдау орталығының 2024 жылдағы сыртқы секторға жасаған шолуында айтылады.

Бұл ретте пайыздық төлемдер — 9,2 миллиард долларға дейін (+372 миллион доллар) артса, ал қайта инвестицияланған кірістер теріс мәнге ие (2023 жылғы +6,8 миллиард доллармен салыстырғанда -277 миллион доллар).
Айта кетсек, шетелдік инвесторлар шикізат секторындағы ірі жобаларға қатысып, дивидендтер, алынбаған пайда (қайта инвестициялау) және шетелдік инвесторлар берген қарыздар бойынша сыйақы түрінде кіріс алады. Ұлттық банктің резервтік активтері есебінен ағымдағы шоттың тапшылығын қаржыландыру айтарлықтай төмендеді: 2024 жылы — 892 млн доллар, 2023 жылы — 5,9 млрд доллар. Әрі ол, негізінен, қаржы шотындағы ақша ағынымен жабылып отырды (1,1 млрд доллар).
«Қателер мен олқылықтар» деген бөлімде көрсетілген сыртқа кеткен ақшалар мен түсімдер арасындағы айтарлықтай алшақтық (1,6 миллиард доллар немесе ағымдағы шот тапшылығының 44%) статистикалық сәйкессіздіктерді, сондай-ақ тіркелмеген валюта ағындарын да байқатады. Ағымдағы шоттың тапшылығын қаржыландыру үшін резервтік активтерді пайдалануды қысқарту және алтын бағасының айтарлықтай өсуі (+23%) жағдайында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 2024 жылы 27%-ға немесе 46 миллиард долларға дейін (бір жыл бұрын 36 миллиард доллар) өсті. Алайда, Ұлттық қордың активтері доллар көлемінде біршама төмендеді (2%-ға, 60 млрд доллардан 58,8 млрд долларға дейін), өйткені ақша алулардың жоғары көлемі (10,2 млрд доллар) толықтырудың (4,5 млрд доллар) және инвестициялық кірістің (4,5 млрд доллар) жиынтық көлемінен асып түсті», — дейді қауымдастық сарапшылары.
Квазимемлекеттік сектордың (КМС) сыртқы қарызы мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан қалыпты өсімді (+6,7%, 01.01.24/01.10.24 аралығында) көрсетті (теңге түрінде +3,4%, оның ішінде Ұлттық қордан 238 млрд теңгеге КМС облигациялары сатып алынды).

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) Талдау орталығының 2024 жылдағы сыртқы секторға жасаған шолуында айтылған💸

«Қазақтелеком» акциялары бірден 31,51%-ке төмендеп кетті

22 мамырда KASE биржасында «Қазақтелеком» провайдерінің акцияларын сату автоматты түрде тоқтатылды.
Бұған алдыңғы күнмен салыстырғанда акциялар бағасының күрт төмендеуі себеп болған:

21 мамырда акциялар бір дана үшін 58 400 теңгеден ($114,3) сатылды;

22 мамырда соңғы мәміле бір акция үшін 39 999 теңгеден (7 78,3) өтті.

Биржада «Премиум» санатындағы акциялар алдыңғы күннің бағасымен салыстырғанда 30 және одан да көп процентке төмендегенде биржалық қызмет қағидасының талаптарына сәйкес сауда-саттық тоқтатылады.

«Сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда жүйесінде сауда-саттықтың негізгі режимдерінде автоматты түрде жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.

Сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім ертең қабылданады.

Мәссаған😮