Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
1 АҚШ долларының орташа бағамы 546,5 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін — BCC Invest болжамы
Мамыр айына арналған макроэкономикалық шолуында BCC Invest ұлттық валюта бағамына қатысты болжамдарын қайта қарап, жаңартқанын мәлімдеді. Қаржы институтының айтуынша, сыртқы экономикалық жағдайлардағы тұрақсыздық болжамдарға түзету енгізуге негіз болған.
“Бұған дейін, 2025 жылғы 7 сәуірде біз бір АҚШ долларының сәуір айындағы орташа бағамы 514,4 теңге деңгейінде болады деп болжадық. Нақты нәтиже 514,5 теңгені құрады. Осы деректерді және Brent маркалы мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып, біз 2025 жылға арналған айырбас бағамы бойынша болжамды жаңарттық”, – делінген сараптамада.
BCC Invest мәліметінше, мұнай нарығындағы әлсіз динамикаға байланысты алдағы уақытта теңгенің біртіндеп әлсіреуі мүмкін. Жыл соңына қарай бір доллардың орташа бағамы 546,5 теңгеге жетеді деп күтілуде.
Мәссаған!😮
“Отбасы банкі” дивиденттік төлемдерге 84,5 млрд теңге жұмсамақ
«Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2024 жылғы жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.
Қор биржасының дерегінше, дивидендтің бірінші бөлігі 2025 жылдың 2 маусымына дейін, ал екінші бөлігі 2 шілдеге дейін төленеді. Әр төлем 42 277 615 200 теңгені құрайды. Яғни жалпы төлем көлемі — 84 555 230 400 теңге.
Аталған шешімді банктің жалғыз акционері — «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қабылдаған.
Айта кетейік, ҚР Үкіметі «Отбасы банкін» 2027 жылға дейін ішінара IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінде бұл банк активтер мен меншікті капитал көлемі бойынша еліміздегі екінші деңгейлі банктер арасында төртінші орында тұр.
Айта кетейік, ҚР Үкіметі «Отбасы банкін» 2027 жылға дейін ішінара IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр📌
Астанада LRT диспетчерлерін оқытуға үміткерлерді қабылдау басталды
Астанадағы “City Transportation Systems” компаниясы LRT желісі үшін диспетчерлерді оқытуға алдын ала іріктеу басталғанын хабарлады.
Автоматтандырылған және жүргізушісіз жұмыс істейтін жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) қашықтан басқарылады. Осы орайда диспетчерлерге жүктелетін негізгі міндеттер:
• жүйенің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шұғыл басқару мен диспетчерлеуді жүргізу;
• қозғалыс кестесіне сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс шешім қабылдау;
• жылжымалы құрам қозғалысын реттеу бойынша жедел шешімдер қабылдау.
Оқыту кезеңі алты айға дейін жалғасады және Астана мен Қытай Халық Республикасында өтеді. Барлық оқу шығындарын компания өз мойнына алады.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
• көлік немесе теміржол саласындағы жоғары білім;
• көлік басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде диспетчер не оператор ретінде кемі 6 ай еңбек өтілі болуы шарт.
Оқыту кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған, әр апта сайын екі күн демалыс беріледі. Ал жұмысқа қабылданғаннан кейін ауысымдық жұмыс режимі енгізіледі.
Түйіндемелер «CTS» компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады👍
Қазақстанда бірден 6 кәсіби мереке пайда болады
10 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Сонымен жаңа мерекелік даталар мыналар:
31 қаңтар – кәсіпкерлер күні;
7 шілде – қолөнершілер күні;
9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Бұдан басқа, энергетик күнін мерекелеуді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.
Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын дайындапты‼️