Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
Қазақстанда алғашқы АЭС салу бойынша жол картасы бекітілді
2025 жылғы 20 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв елімізде атом электр станциясын салу жобасын талқылап, бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды.
Кездесу қорытындысында жобаға дайындық және оны жүзеге асыру кезеңдерін қамтитын индикативтік жол картасы бекітілді. Онда инженерлік-іздестіру жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және EPC-шарт жасасу көзделген.
Сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» құрамындағы «Атомстройэкспорт» компаниясы арасында Алматы облысының Жамбыл ауданында АЭС салу бойынша ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарын айқындайтын негіздемелік келісімге қол қойылды.
Жоба бейбіт мақсаттағы атом энергиясын пайдалану бойынша мемлекетаралық әріптестік шеңберінде іске асады. Ол Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және ел экономикасын декарбонизациялауға бағытталған.
«Қазақстан бізге АЭС салатын халықаралық консорциумды басқару құқығын сеніп тапсырды. Бұл – зор сенім. Қазақстан – ядролық энергетика саласындағы біздің тарихи және сенімді серіктесіміз. Ресейлік технологиялар қауіпсіздігімен, сенімділігімен және тиімділігімен танылған. Олар Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, елдің энергетикалық егемендігін арттырады деп сенеміз», – деді «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв.
Алмас Сәтқалиевтің айтуынша, атом электр станциясын салу – Қазақстанның энергетика саласындағы тұрақты даму стратегиясының бір тармағы.
«Біз қауіпсіздік пен жергілікті өндірісті барынша қамтамасыз ету үшін серіктестерімізбен ашық әрі сенімді байланыс орнатуға мүдделіміз», – деді ол.
“Росатом” елімізге ең үздік АЭС салуға уәде берді📌
60 мың қазақстандық зейнетақыларын БЖЗҚ-дан алмаған
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жалпы сомасы 37,3 миллиард теңгеден асатын қаражат сұралмай, иесіз күйінде тұр.
Қордың мәліметінше, бұл қаржы зейнет жасына жеткенімен, зейнетақы төлемін рәсімдемеген 264 695 адамның жеке зейнетақы шотында сақтаулы. Олардың арасында:
• 148 335 азамат қайтыс болған – бұл жағдайда жинақтарын мұрагерлері алуға құқылы;
• 59 800 адам елден тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
• 56 560 азамат әлі күнге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» (ЦОН) арқылы зейнетақы төлемін рәсімдемеген.
Бұл ақша қайда кетіп жатыр?
Қаражат зейнетақы салымшыларының шоттарында сақталып, инвестициялық табыс әкелу мақсатында басқаруға берілген. Инвестициялаумен Қазақстан Ұлттық банкі және жекеменшік инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар айналысады.
Зейнетақы жинағын қалай алуға болады?
Зейнет жасына жеткен азаматтар төлемдерді рәсімдеу үшін тұрғылықты жеріндегі Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) жүгінуі керек.
Елден тұрақты тұру үшін көшіп кеткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да заңнамаға сәйкес тиісті құжаттарды ұсыну арқылы өз жинақтарын ала алады.
Ал қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарынан оның туыстарына бір реттік жерлеу төлемі беріледі. Оның мөлшері ағымдағы жылы белгіленген 94 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы тиіс және шоттағы қаражат көлемінен көп болмауы керек.
Мәссаған!😮
Алматыда 20 жыл бойы құжатсыз жүрген зейнеткер жеке куәлік алды
1964 жылы туған әйел кеңес үкіметі кезінде алған төлқұжатын жоғалтып алған екен✔️
Содан бері 20 жыл өтті.
«Бұл жағдай әйелдің әлеуметтік жағдайына да кері әсерін тигізген. Ол зейнетақы рәсімдей алмады, заңды баспанасы болмай, өмірін тұрақсыз жағдайда өткізуге мәжбүр болған», — дейді көші-қон қызметінің мамандары.
Олар қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, зейнеткер әйелге жеке куәлік шығарып берген.
Қазіргі кезде құжат алған әйелге зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді рәсімдеуге қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсайтын шығыны қымбаттап кетті
I тоқсанның қорытындысы бойынша, денсаулыққа жұмсалатын жан басына шаққандағы орташа шығын 3,6 мың теңгеден 4,6 мың теңгеге дейін өсті. Бұл – жалпы номиналды ақшалай шығындардың жылдық өсімінен үш есе көп әрі соңғы екі жылдағы рекорд. Бұл деректерді бірінші кредиттік бюро мәлім етті.
Нақты мәнде көрсеткіш 14,9%-ға артқан. Есептеуге денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтеріне арналған баға индексі пайдаланылған.
Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалатын орташа шығынның негізгі бөлігін стоматологиялық қызметтер құрайды – 2,4 мың теңге.
Бюро мұндағы сандар аз көрінуі мүмкін, бірақ есеп елдегі барлық тұрғындар бойынша жүргізілетінін есте сақтау керектігін атап өткен. Ал есеп беру кезеңінде олардың бәрі бірдей аталмыш қызметке жүгінбеген. Дегенмен, ресми статистиканың іріктеуіне 12 мың үй шаруашылығы кіргізілген, олардың деректері негізгі жиынтық көрсеткіште қамтылған.
Денсаулық сақтау қызметтерінің ішінде шығыны ең жылдам өсіп жатқан санат ауруханалар қызметі (оның ішінде күндізгі стационар және шипажайлар қызметі бар). Орташа жан басына шаққанда – 946 теңге, номиналды өсім жылдан жылға 54,1%, ал нақты өсім – 39,8%.
Сонымен қатар дәрігер мамандар мен алғашқы қабылдауды қамтитын медициналық қызметтер бойынша жан басына шаққандағы орташа шығын инфляцияны есептемегенде бір жылда 5,7%-ға өскен, бірақ нақты мәнде 5,1%-ға төмендеген. Қазіргі деңгейі – 559 теңге.
Оның шығыны 3 есе артқан😨