«Әл-Фараби» олимпиадасы, Жәнібек Әлімханұлы. 27-ші сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 апреля, 2022


1️⃣ Оқушыларға арналған “Әл-Фараби” олимпиадасына тіркелу басталды. 📌

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан және ТМД елдерінің, сондай-ақ таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына жыл сайын халықаралық “Әл-Фараби” олимпиадасын ұйымдастырады. Олимпиада жеңімпаздары ЖОО-ға түсу кезінде басым құқыққа ие болады. Сонымен қатар жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға ҚазҰУ гранты табысталады.

Олимпиадаға тіркелу 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында http://online-test.kaznu.kz сілтеме арқылы онлайн түрде жүргізілетінін мәлімдейміз.

Олимпиадағы тіркеліп үлгердің бе?

2️⃣ Boxingscene.com ақпараты бойынша, Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек 21 мамырда болады.🥊 Дегенмен нақты қайда өтетіні белгісіз.

3️⃣ Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Орташа 65 балл болса, ең жоғары балл — 134 болды. 28 қатысушының нәтижесі 130 баллдан асты.

Ал сен ҰБТ-дан қанша балл жинап жүрсің?