Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ 25 жасқа толмаған қазақстандықтарға бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін.
Бұл туралы мәжілісте ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасын таныстырған депутат Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.
Айтуынша, жасы жетпеген азаматтардың құмар ойындарына мен бәс тігуіне шектеу қойылады. Заңсыз ойынға рұқсат берген заңды тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады.
«Ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі. Өтелмеген алименттік және несиелік қарызы бар азаматтардың құмар ойынға бәс тігу құқығы шектеледі», — деді Бейсенбаев.
Сондай-ақ заңды тұлғаларға 25 жасқа толмаған адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Орынды заң екен👍
2️⃣ 2023 жылы TikTok қазақстандықтардың 4,2 миллионнан астам видеосын жойып жіберген.
Компания басшылығы бұған қоғамдастық ережелердің бұзылуы себеп болғанын айтты.
Платформадан жойылған бейнелердің шамамен 90 пайызы 50 елдің тұрғындарына тиесілі.
2023 жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік желі әкімшілігі қазақстандық қолданушылардың 766,7 мың видеосын жойды. Оның 88,8 пайызы жарияланғаннан кейін 24 сағат өтпей алынып тасталған.
Бұл ақпарат платформадан жойылған мазмұнның көлемі мен сипаты туралы ақпарат беретін Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету есептері арқылы тоқсан сайын ашылады. Оның ішінде Қазақстанда:
* 2023 жылдың төртінші тоқсанында Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін барлығы 399.024 бейнеролик жойылды. Бұл 2023 жылдың барлық тоқсанында TikTok-тан жойылған бейнероликтердің ең үлкен көрсеткіші.
* Платформа барлық жойылған бейнероликтердің 92%-ын белсенді түрде өшірді.
* Қазақстанда бейнебаяндардың 86,3%-ы олар жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде жойылды.
Қазақстанда 2023 жылы жалпы Қауымдастық ережелерін бұзған 4.225.396 бейнеролик жойылды.
Сіздерде қалай болды?🤔
3️⃣ Нариман Кұрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогына қатысады.
Қатар астанасы Дохада 17-20 сәуір аралығында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтеді.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәсеке қорытындысы бойынша Олимпиадаға лицензия алған гимнастшылар анықталады. Ұлттық құрама сапынан Нариман Кұрбанов ат снарядында ойындар жолдамасын алуға жақын тұр. Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Александр Ким оның мүмкіндігі жайында айтып өтті.
“Дохадағы шешуші кезеңде Нариманға үздік үштікке кіру қажет. Нәтижесінде одан кейін келе жатқан әріптестері қуып жете алмайды. Қазір 3 кезеңнен кейін оның еншісінде 66 ұпай бар. Қазір рейтингіде 2-орында тұрмыз. Сол себепті Нариман кем дегенде үздік үштіктен түспеуі керек”, — деді Александр Ким.
Спортшымызға жеңіс тілейміз!🤲🏻🔥