БАҚ, Мобилография, Алматы. 19 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Маусым, 2023


еш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанның үздік 5 туристік қала тізімінде Алматы көш бастады.

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның үздік 5 туристік қаласының тізімін жасады.

5-орын. Ақтау

Үздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау қаласы ашады. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал жазғы маусымға қарай, туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.

4-орын. Атырау

Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде «Сарайшық» визит- орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған. Демек жазғы маусымда Атырауға келушілер саны арта түседі.

3-орын. Шымкент

Қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады. Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағыдемалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады.

2-орын. Астана

Астана – әкімшілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдайтын басым бағыттардың бірі. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.

1-орын. Алматы

Тау-шаңғы курорттары, сұлу табиғат, қолайлы климат пен қонақжайлылық. Осы және басқа да артықшылықтары бар Алматы еліміздегі бірегей туристік қала. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыру мақсатында шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% – ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Мысалы, Kids go Free бағдарламасы бойынша қазақстандықтар ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, туроператорлардан туристік пакет сатып алғанда 30%-ға дейін қаражат үнемдей алады.

Ал екінші орында Астана тұр🔥

2️⃣ Мемлекеттік БАҚ қызметкерлерінің жалақысы артады.

Мемлекеттік БАҚ құралдарында еңбек ететін қызметкерлердің айлығы өседі. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, мемлекеттік БАҚ құралында жұмыс істейтін журналистердің 2023 жылы, 2024 және 2025 жылдары жалақысы көбейеді. Биыл 30 пайызға, келесі жылы да 30 пайызға, ал 2025 жылы 20 пайызға артады. Аталған мәселе шешімін тапқан.

Тағы кімдердің жалақасы арту керек деп ойлайсыздар?🤔

3️⃣ Мобилография бойынша «MOB FEST» республикалық фестивалінің 20 жеңімпазы Нью-Йорк кино академиясында тағылымдамадан өтеді.

Бүгін, 19 маусымда Алматыда «MOB FEST» бірінші республикалық мобилография фестивалінің жеңімпаздары марапатталады.

Мұндай мүмкіндік Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры мен Нью-Йорк кино өнері академиясының (New York Film Academy) арасындағы Меморандум аясында туып отыр. Меморандумға ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының Президенті Нұрлан Қоянбаев пен Лос-Анджелестегі Нью-Йорк кино академиясы кампусының деканы Дэн Маклер қол қойды.

ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған фестивальге 16 мен 40 жас аралығындағы 7 524 қазақстандық мобилограф қатысты.

Фестивальдің І кезеңі 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен 2023 жылдың 1 сәуірі аралығында онлайн режимде өтті.
Байқауға «Мәдениет пен салт-дәстүр», «Туризм», «Адамдар» тақырыптары бойынша 1537 жұмыс қабылданды.
Байқаудың І кезеңінің қорытындысы бойынша 100 үздік мобилограф анықталды. Олар екінші, қорытынды кезеңнің тапсырмаларын орындауды жалғастырды.

Есімі daraqory.kz, infom.kz сайттарында жарияланды.

Ал сен конкурсқа қатыстың ба? 😍