Байланыс, Педагогика, Банкнот. 11 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 июля, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Астанада педагогикалық жоғары оқу орны ашылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдап, үкіметке қаражат мәселесін шешуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отырғанын атап өтті. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады.

«Сондықтан, елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет. Қаражат мәселесін шешу керек», — деп мәлімдеді Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Айтуынша, елордада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық.

«Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет. Сондай-ақ 15 қосымша білім беру нысанын салу керек», — деді президент.
Ол мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс екенін айтты.

Керемет бастама болар еді😍

2️⃣ Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің бағасын мемлекет реттеуі мүмкін.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Құжаттың толық мәтіні жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Соңғы уақытта қазақстандықтар тарифтердің өсуі мен ұялы байланыс қызметтерінің сапасының төмендігі туралы жиі шағымданып жатыр. Шағымды Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ресми мәлімдемелер мен өтініштер түрінде жасайды.

» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 2022 жылдан бастап биылғы жылдың басына дейін тарифтерді ұлғайтуға және қосымша қызметтерді біржақты тәртіппен қосуға қатысты 350-ден астам шағым түскен. Бұдан басқа осыған ұқсас кезеңде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің атына тарифтерді көтеру бойынша азаматтардың 100-ден астам ресми шағымы келіп түсті», — делінген құжатта.

Ал сіздің қызмет бағасына көңіліңіз тола ма?🤔

3️⃣ Ұлттық банк төрағасының қолы қойылған банкноттар шығарылады.

Қазақ ұлттық валютасының дизайн тұжырымдамасында банкноттардың алдыңғы немесе артқы жағында ҚР Ұлттық банкі төрағасының қолы болуы керек деген талап тағы да енгізілді.

«Ашық НҚА» порталында Президент Жарлығына сәйкес түзетулер талқыланды. «Ұлттық валюта — Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталарының дизайн тұжырымдамасын бекіту туралы» Президент жарлығының жобасы қазақстанның ұлттық валютасының дизайн тұжырымдамасын жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жарлық жобасында Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталарының дизайн тұжырымдамасына өзгерістер енгізу ұсынылды. Банкноттардың дизайны Ұлттық банк төрағасының қолы, сондай-ақ банкноттарды қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескерту, сериялық нөмір және дизайн, бекітілген жылы сияқты қосымша элементтермен толықтырылады.

Сіз бұған қалай қарайсыз?🙃