Байтоқ валютасы, Дамир Ысмағулов, Nur-SultanHalf Marathon-2022. 19-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 июня, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Ғалым Байтоқ ұлттық валютаға тарихи тұлғалардың суретін қайта басуды ұсынды.

«Біздің валютамыз басқалармен салыстырғанда өте жұтаң көрінеді. Тарихи тұлғалар бейнеленген сан алуан елдердің валюталарын мысал етпей-ақ қояйын, бірақ теңгемізден танымал тұлғаларды өшіру алдын ала жоспарланған акция болғанын айту керек. Өйткені уақыт өте келе барлық банкнотта Елбасының ғана келбеті болуға тиіс еді», — деп жазды Байтоқ әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл ұсынысқа сен қалай қарайсың?) 🤔

2️⃣ Қазақстандық файтер Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші рет жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

UFC on ESPN 37 турнирі АҚШ-тың Остин қаласында өтті. Дамир Ысмағұлов грузин спортшысымен кездесу өткізіп, одан басым түсті. Жекпе-жек 3 раундтан тұрды.

Спортшымызды құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Бүгін елордада Nur-SultanHalf Marathon-2022 басталды. Соған байланысты Нұр-Сұлтанның кей көшелері жабылды.

🏃🏻🏃🏻‍♀️ Марафонға Қазақстан мен басқа елдің спортшылары қатысып жатыр. Оның ішінде Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, ОАР, Эфиопия және Жаңа Зеландия елдерінің өкілдері бар.

Ал сен бұл тізімде барсың ба? 🧐