Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 101 ұл, 90 қыз бала дүниеге келді.
Жаңа туған нәрестелер саны бойынша Түркістан облысы көшбастап тұр, екінші орында Шымкент қаласы, үшінші орында Алматы тұр. Ал Астанада Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2050 жылға қарай Қазақстан халқы шамамен 27,5 млн адамға жетеді деп болжаған болатын.
«Жалпы алғанда, 2050 жылға қарай республика халқы шамамен 27,5 млн адам болады деген болжам юар, олардың үштен екісі мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде тұратын болады», – деп хабарлады ведомстводан.
Ең көбі Түркістан облысында тіркеліпті😍👍
2️⃣ Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.
2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады.
Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде (UTC+5) орналасады.
Осылайша жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытамыз.🕰️ Бұл өзгеріске көзқарасыңыз қандай?)
3️⃣ Қазақстанда 2024 жылдан бастап құжат алу бағасы өседі.
Бірінші қаңтардан бастап елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құрайды. Осыған байланысты құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де өседі.
Келесі жылы қазақстандықтар жеке куәлікті 738 теңгеге (0,2 АЕК), 36 беттен тұратын стандартты паспортты 29 536 теңгеге (8 АЕК) жасатады. Ал 48 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж мөлшері – 44 304 (12 АЕК).
Айта кетері, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балалар паспорты екі есе арзандайды. Енді 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңге болады.
Сондай-ақ неке қию туралы куәлік – 3 692 теңге (1 АЕК) және қайта алу – 1 846 теңге (0,5 АЕК), жүргізуші куәлігі – 4 615 теңге (1,25 АЕК) және ажырасу туралы өтініш беру үшін – 7 384 теңге (2 АЕК) төлейді.
Ал туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ бұл құжатты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 846 теңге (0,5 АЕК) төлеу керек.
Заң бүгіннен бастап күшіне енді.📌