Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️
1️⃣ 12 жастағы Жәнел Әли Испаниядағы «Балалар дауысы» байқауында қазылар алқасын таңғалдырды.
Іріктеу кезеңінде төрт әншінің үшеуі бұрылды. Оның таңдауы танымал актриса Росарио Флореске түсті.
Жәнел Әли Кристина Агилераның Hurt әнін орындап берді. Биылғы маусымда Айтана (Aitana), Роcарио Флорес (Rosario Flores), Себастьян Ятра (Sebastián Yatra) мен Дэвид Бисбал (David Bisbal) тәлімгер ретінде қатысып жатыр.
Талантты жастарымыз көбейе берсін😍🔥
2️⃣ Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 74,44 жасқа жетті.
«Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді», — дейді ведомстводағылар.
Министрліктің айтуынша, республикада жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, ауыл медицинасын, денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс күшейтілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, балаларды профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туындаған кезде тексерулер жеделдетілді.
Жер бетінде ең ұзақ өмір сүретіндер жапондар екен. Олардың өмір сүру ұзақтығы орташа 82 жас. Екінші орында Қытай, үшінші орында Швейцария халқы тұр.
Бұл көрсеткіштер CIA World Factbook кітабы мен БҰҰ жасаған World Population Prospects тізімінен алынған. БҰҰ жасаған 2005-2010 жылғы тізім бойынша Қазақстан ұзақ өмір сүру жағынан 194 мемлекеттің ішінде 128-ші орында тұрақтаған. Ол кездегі қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жас болған. Айта кетейік, БҰҰ тізімге халық саны 100000 асатын елдерді ғана кіргізген.
Денсаулығымызды күтейік!🙌🏻
3️⃣ Алматы маңында сойылған иттер табылды.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы Кендала кентінің аумағында орналасқан мал қорымы туралы бейнежазба анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылы кодексінің 316 — бабының 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша Талғар ауданының полициясында тіркелді», — деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы ПД-ның бақылауына алынды.
Сақ болыңыздар!☝🏻📌