Банкнот, Виза, Пәтер. 14 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Қараша, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Астанада жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер жалға беріледі.

Qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан бас-аяғы 5 623 өтінім түсті. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.

Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.

Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Өтініш бердіңіз бе?🤔

2️⃣ Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер тізімі жаңарды.

Грузияда визасыз бір жылға дейін жүре аласыз. Ал Армения, Сент-Винсент және Гренадиныдыда 180 күнге рұқсат берілген.

Ал 90 күнге дейін Албания, Андорра, Колумбия, Молдова, Моңғолия, Ресей, Гаити, Түркия (әр 180 күн сайын 90 күнге визасыз режим), Украинада жүруге болады.

30 күнге дейін визасыз режимде:

* Аргентина
* Әзербайжан;
* Беларусь;
* Қырғызстан;
* Кытай;
* Мальдив Республикасы;
* Тәжікстан;
* Бразилия;
* Корея (30 күнге дейін визасыз режим, алайда 2022 жылдың 1 сәуірінен Кореяға кірудің электронды рұқсат алу жүйесі (K-ETA) қызмет етеді;
* Малайзия;
* Біріккен Араб Әмірліктері;
* Өзбекстан (бес күннен артық болған жағдайда құзырлы органдарға барып тіркелу қажет);
* Филиппины;
* Эквадор;
* Сербия;
* Катар
* Таиланд (2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастып 2024 жылдың 29 ақпанына дейін қазақстандықтар үшін 30 күндік визасыз режим енгізілген.

Ал сіз қай мемлекетке барғыңыз келеді?😍

3️⃣ Ұлттық банк 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады.

Ұлттық банк Қазақстанның ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады.

Жаңа банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.
Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген өңірлері бар Қазақстан картасы бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.

Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстанның барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті, деп атап өтті Ұлттық банктегілер.

Тамаша!👍