Featured Video Play Icon

Банкрот адам. Заң қалай жұмыс істейді?

Автор: редактор 27 января, 2023


Банкрот адам. Заң қалай жұмыс істейді?

2022 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы Банкроттық туралы заңға қол қойды. Бірақ ол ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң ғана күшіне енеді. 

Банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.

Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің алдындағы берешегі 5 млн 520 мың теңгеден аспайтын болса, онда ол соттан тыс банкроттық рәсімін қарастыра алады. Ал асып кетсе, сотпен шешіледі.