Барлық жұлдыз жорамалға арналған апталық (13-19 қаңтар) қаржылай жоспар

Автор: редактор 12 января, 2025


Барлық жұлдыз жорамалға арналған апталық (13-19 қаңтар) қаржылай жоспар:

Тоқты

Тоқтылардың өз-өзіне деген сенімділігі соншалық, тіпті бір түнде ақшасын екі еселеймін деп уәде берген көршісіне де сеніп қалуы мүмкін. Сол себепті алданып қалмаңыз! Осы аптадағы ең жақсы инвестиция – таңғы өнімділікті арттыру үшін кофе сатып алу.

Торпақ

Торпақтар — қаржылық тәбетіңіз мысықтың тамаққа деген құмарлығындай өсіп келеді. Алайда касса жанындағы тәттілер – инвестиция емес, жай ғана тұзақ екенін естен шығармаңыз. Бүкіл қаражатыңызды тәттілерге жұмсап жібермеуге тырысыңыз.

Егіздер

Егіздерге осы аптада “жеңілдік” пен “акция” сөздерінен аулақ болуға кеңес беріледі. Әмияныңызға да демалыс қажет. Өзіңізге инвестиция жасаңыз – бұл міндетті түрде ақталады. Кем дегенде, жақсы көңіл күй сыйлайтыны анық.

Шаян

Шаяндар, осы аптада үнемшілдігіңіз шарықтау шегіне жетуі мүмкін: тіпті қағаз майлықтан да үнемдей бастауыңыз ғажап емес. Бұл дұрыс, бірақ өзіңізді бір жақсы дүниемен қуантуды да ұмытпаңыз. Қуаныш – ақшадан қымбат!

Арыстан

Арыстандар, сіз жарқырап жүргенді жақсы көресіз. Алайда осы аптада бюджеттіңіз қаңырау арқылы жарқырап қалуы әбден мүмкін. Есіңізде болсын, ең маңыздысы – сыртқы тон емес, жан мен үйдегі жылу.

Бикеш

Бикештер, жұлдыздар сізге диван астынан тиын табатыныңызды айтады. Бірақ қуануға асықпаңыз: бұл байлықтың белгісі емес, үй жинауға уақыт келді деген ескерту. Дегенмен өзіңізді сәл болса да, бай сезініп қалуыңыз мүмкін.


Таразы

Таразылар, осы аптада бюджеттіңіз тербелген әткеншекке ұқсайды: бірде “баймын”, бірде “бәрін жұмсап қойдым” деп шарқ ұрасыз. Сәрсенбіде қалтаңызды босатып тастамауға тырысыңыз, ал жұмада достарыңыздың жылы жымиғанына еріп, пицца алып бермей-ақ қойыңыз.

Сарышаян

Сіз қаржылық тәуекелдерге дайынсыз, бірақ жұлдыздар ескертеді: “Бір күнде байып кету” туралы күмәнді онлайн-курсқа ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Оның орнына нақты әрі пайдалы нәрсеге, мысалы, жылы шұлыққа қаражат бөліңіз.

Мерген

Мергендер, қаржылық оптимизм туралы ой шексіз болғанымен, әмияныңыздың мүмкіндігі шектеулі. Жұлдыздар айтады: лотерея билетін сатып алсаңыз да, байып кету мүмкіндігіңіз өзгермеуі мүмкін.

Тауешкі

Ақшаға қатаң қарағаныңыз соншалық, тіпті қалтадағы ұсақ тиын да сізден қашып кетуден қорқады. Дегенмен өзіңізді қуанту үшін сәл шығындалған жөн. Мысалы, ыстық шоколад алыңыз. Бұл да көңіл-күйге салынған инвестиция!


Суқұйғыш

Осы аптада ойыңызға стартап туралы керемет идея келеді. Бірақ оны жүзеге асыру үшін үйіңізді сатып жіберуге асықпаңыз. Әуелі оңай нәрседен бастаңыз. Мәселен, тегін сынақ нұсқаларын пайдаланып көріңіз.

Балықтар

Балықтар, сіз ақшаға өте жұмсақ қарайсыз, тіпті олармен қоштасқанда көп ойланбайсыз. Бірақ жұлдыздар сізге таңдауды дұрыс жасауға кеңес береді. Себебі үш бірдей шамды сатып алу — сізді бұрынғыдан бақытты етпейді.

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамалдар тек көңіл көтеру мен кеңес беру үшін жасалады. Қаржылай шешімдерді әрдайым өз ақылыңызға және жағдайыңызға сүйене отырып қабылдаңыз.