Бас тарту, Магистратура,Тау. 12 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 декабря, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан президенті өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

Қазақстан президенті ел тұрғындарына «Электронды үкімет» арқылы кредит алу мүмкіндігін бұғаттап, одан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — деп жазылған хабарламада.

Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескеріледі. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуына жол бермейді.

Бұдан бөлек, дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторлары бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғанын хабарлауға міндеттеледі.
Азаматтар өзінің дербес деректері пайдаланылған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе смс арқылы біледі.

Енді әр адам өз қауіпсіздігіне жауап бере алады☝🏻

2️⃣ Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау басталды.

Құжаттар 19 желтоқсанға дейін қабылданады.

«Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады», — делінген хабарламада.

Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер мына құжаттарды тапсыруы қажет:

жеке куәліктің көшірмесі;

жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);

КТ сертификаты;

халықаралық сертификаттар (бар болса).

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.
Болашақ магистранттарды жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. Сәттілік!👍

3️⃣ Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таяу күндері қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берді.

Қалада 12 желтоқсан күні қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі.
Тұрғындарға көлікті ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға ескерту жасалды.

«112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамаңыздар», — делінген хабарламада.

Айта кетері, Алматы қаласында және маңайдағы таулы аймақтарда 13-15 см қар түсті.

Қардың қалын түсуі мен аязға байланысты осындай ескерту жасалды.📌