BeeTV 60 Women’s, YouTube, Канело. 12 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Наурыз, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌

1️⃣ Қазақстандықтар енді YouTube-тан видеоларды жарнамасыз көре алады.

Биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.

Министр Бағдат Мусин Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөз жүргізген. Кездесу барысында ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.

«YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші», – дейді Мусин.

Ол Premium-ге өту мүмкіндігі Қазақстанда бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, интернетсіз де қарай алады.

Айта кетері, YouTube Premium – ақылы сервис.

YouTube Premium іске қосылатын болды!👍

2️⃣ Канело қазақтың шапанын киіп құттықтау айтты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«WBC бүкіләлемдік бокс ұйымы және әлемге әйгілі боксшы, абсолют чемпион Сауль (Канело) Алварес «Suleimen Promotion» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Ақдрашев Ибрагим Шияпұлын келген 60 жасымен құттықтады», – делінген видеодағы жазбада.

Видеосын тамашалай алдың ба?😍

3️⃣ Кудерметова мен Тихонова Астанада өткен BeeTV 60 Women’s турнирінде жеңіске жетті.

Анастасия Тихонова мен Полина Кудерметова BeeTV 60 Women’s турнирінің чемпионы атанды.
Финалда ресейліктер Оңтүстік Корея өкілдері Су Юн Джан және На Ли Ханды 2:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.

«Мен бірінші турнирде жекелей сында жеңіске жеттім және жұптық жарыста да жеңімпаз болдым. Қазақстанға келген сайын қуанамын, өз үйім сияқты сезінемін. Ал екі турнирді ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Керемет ойын үшін Анастасияға рахмет, біз тырыстық және титулды жеңіп алдық», – деді Кудерметова матчтан кейін.

Құтты болсын!🔥🔥🔥