Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️
1️⃣ АҚШ-тың Forbes журналы 40 жасқа дейін табысқа қол жеткізген ең бай әйелдердің кезекті рейтингін жариялады.
Көптеген адамның табысқа жетуі ұзақ уақыт алады. Алайда АҚШ-тың Forbes журналы 2023 жылы ынталы жұмыс істеу нәтижесінде армандарына ерте жастан қол жеткізген ең бай әйелдер тізімін жариялады.
Ең бай және табысты американдық кәсіпкерлер, басшылар және өзін-өзі жасаған суретшілер рейтингіне 100 қатысушының 11-і ғана 40 жасқа толмаған.
Өткен жылдан бері бұл сан өзгерген жоқ. Бірақ кейбір атаулары өзгерді. Мысалы, қатысушылар қатарына жаңадан келгендер және керісінше тізімнен шығып қалғандар да бар.
Кайли Дженнер — 25 жаста. Ол алтыншы жыл қатарынан тізімнің ең жас мүшесі (ол 20 жасында дебют жасады). Кардашян — Дженнер отбасының мүшесі, реалити-жұлдыз және косметика бизнесінің негізін қалаушы 38-ші орында тұр. Оның осы жылғы байлығы шамамен 680 миллион долларға бағаланады (өткен жылы ол 600 миллион доллармен 41-орында болған). Дженнер әлеуметтік желідегі жанкүйерлерімен байланысу арқылы Kylie Cosmetics үшін тұтынушы базасын құрды — қазір оның Instagram-да 392 миллион оқырманы бар.
Тізім бойынша Тейлор Свифт пен Кайли Дженнер көш бастап тұр. 🔥
2️⃣ Қазақстандық балуандар Қырғызстанда өткен еркін күрестен алты медаль жеңіп алды.
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен күрес түрлерінен рейтингтік турнирде еркін күрестен қазақстандық балуандар 1 күміс, 5 қола медаль алды.
Рейтингтік турнир қырғызстандық белгілі спортшылар Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаевтың құрметіне өткізілді.
Сайыс барысында ел құрамасынан Сырбаз Талғат (70 келі) финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп – 2:3.
Ал, Мейрамбек Қартбай (57 келі), Жігер Закиров (79 келі), Азамат Дəулетбеков (86 келі) қола жүлдеге қол созды.
Сондай-ақ, бұдан бұрын еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов үздік үштікті түйіндеді.
Құтты болсын!👍✊🏻
3️⃣ Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Нью-Йорктегі ең үлкен әрі танымал LED экрандарының бірі Таймс-скверде көрсетілді.
Сонымен қатар Малайзиядағы жеке концертіне қолдау ретінде дүйім жұрттың назарына ұсынылды.
Үш бейнероликтің көрсетілімін қазақстандық әртіс Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырды.
Бейнеролик бір күн ішінде әр 20 минут сайын LED экранында көрсетілген. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
Omir жаңа музыкалық бейнебаянын тамашаладыңыз ба?😍