Бейонсе, Автокредит, Юлия Путинцева. 6 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 февраля, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Жеңілдетілген автокредитке 761 қазақстандық 18 секундта тіркеліп үлгерген.

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша autonesie.kz платформасында 761 қазақстандық 18 секунд ішінде тіркелді.
Өнеркәсіпті дамыту қорының ақпаратынша, платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген.

«761 қазақстандық сағат 10.00-де платформа ашылғаннан бастап алғашқы 18 секундта өтінімдерін тіркеді. Алғашқы минутта сайтқа кіргендер саны 125 мың адамды құрады», — делінген хабарламада.

Autonesie.kz сайты жүктемеге шыдас беріп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимит аяқталғаннан кейін өтінім қабылдлау автоматты түрде тоқтады, «өтінім беру» функциясы істен шықты.

Өтінім беру кезінде кейбір азаматтар автоөндірушіні таңдай алмаған. Бұл да лимиттің таусылуымен байланысты, деп түсіндірді қордағылар.
Жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдау наурыз айында қайта басталады. Одан кейін қазақстандықтар әр ай сайын тіркеле алады.

Бұған дейін азаматтар әлеуметтік желіде autonesie.kz платформасында тіркеле алмағанын айтып шағымданған еді. Бүгін, 6 ақпан Астана уақытымен тура сағат 10.00-ден бастап өтінім қабылдауға тиіс болған сайт бес минут өтпей істен шыққан.

Ал сіз үлгердіңіз бе?🤔

2️⃣ Әнші Бейонсе Грэмми рекордын жаңартты.

Лос-Анджелесте 65-ші Грэмми марапаттау рәсімі өтті. Америкалық әнші Бейонсе тарихтағы ең көп жүлде алған рекордты жаңартты. Алдын ала көрсетілім барысында Бейонсе Break My Soul үшін «Үздік би/электрондық жазба» және «Дивандағы пластик үшін» үздік R&B орындауы номинациясының жеңімпазы атанды.

Негізгі салтанатта Бейонсе CUFF IT үшін «Үздік R&B әні» марапатталды, содан кейін Ренессанс үшін «Үздік би/электрондық музыкалық альбом» сыйлығын жеңіп алды.

Салтанатты шара аясында Бейонсе тоғыз номинация бойынша жүлдеге ие болды. Оның ішінде негізгісі — «Жыл альбомы» және «Жыл рекорды». Бұған дейін венгриялық және британдық дирижер Георг Солти 31 жүлдемен рекорд жасаған болатын.

Бейонсенің әндері ұнай ма?😍

3️⃣ Юлия Путинцева Әбу-Дабиде негізгі турнирге жолдама алды.

Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 152-орында тұрған өзбекстандық Нигина Абдураимовамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Н.Абдураимова 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.

Осылайша, Ю.Путинцева 6-12 ақпан аралығында өтетін негізгі жарысқа өтті. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
Бұл додада Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Рейтингісі жоғары болғандықтан, ол жарысты екінші айналымнан бастайды.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻