Сәлем, қыздар мен жігіттер! 👋🏻
Демалыс күндерің қалай өтіп жатыр?
Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. ✔️
1️⃣ Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев мексикалық боксшы Томас Рохаспен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Олар Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті.
📍Екінші жартылай орта салмақтағы бұл кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Нәтижесінде Бекман Сойлыбаев кәсіби бокста 14-ші жеңісіне қол жеткізді.
2️⃣ 23 жастағы этникалық қазақ Мақсат Қайсар 30 жастағы америкалық Стив Гарсиямен жекпе-жекке шығып, UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті.
📍Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Сингапурдағы UFC 275 турнирінің алдын ала кардында өтті. Бірінші раундта Мақсат қарсыласын нокаутқа жіберді.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 👏🏻
Ойындарын тамашалай алдың ба?🤔
3️⃣ Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады.
📆 Себебі шілде айында атаулы екі мерекені атап өтеміз. Нақтырақ айтсақ, Астана күні және Құрбан айт. Биыл Астана күні — 6 шілде, яғни сәрсенбіге келеді.
Ал Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні 9 шілдеге келіп тұр.
🏝Жазғы демалысқа қандай жоспарың бар?
📌Сен үшін бүгін қандай жаңалық өзекті болды? Саған ұнаған жаңалықпен бөлісе отыр)