Бекман Сойлыбаев, Мақсат Қайсар, Демалыс. 12-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Маусым, 2022


Сәлем, қыздар мен жігіттер! 👋🏻
Демалыс күндерің қалай өтіп жатыр?

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. ✔️

1️⃣ Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев мексикалық боксшы Томас Рохаспен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Олар Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

📍Екінші жартылай орта салмақтағы бұл кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Нәтижесінде Бекман Сойлыбаев кәсіби бокста 14-ші жеңісіне қол жеткізді.

2️⃣ 23 жастағы этникалық қазақ Мақсат Қайсар 30 жастағы америкалық Стив Гарсиямен жекпе-жекке шығып, UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті.

📍Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Сингапурдағы UFC 275 турнирінің алдын ала кардында өтті. Бірінші раундта Мақсат қарсыласын нокаутқа жіберді.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 👏🏻

Ойындарын тамашалай алдың ба?🤔

3️⃣ Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады.

📆 Себебі шілде айында атаулы екі мерекені атап өтеміз. Нақтырақ айтсақ, Астана күні және Құрбан айт. Биыл Астана күні – 6 шілде, яғни сәрсенбіге келеді.

Ал Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні 9 шілдеге келіп тұр.

🏝Жазғы демалысқа қандай жоспарың бар?

📌Сен үшін бүгін қандай жаңалық өзекті болды? Саған ұнаған жаңалықпен бөлісе отыр)