Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңызға бүгінгі күннің кезекті ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!✔️
1️⃣ Алты жасында әлем чемпионы атанған Хадия Қонаеваны президент құттықтады
Президенттің сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыс етті. Әкім бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
“Бүгін зор қуанышпен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған 6 жасар Хадия Кунаевамен кездесіп, мемлекет басшысының атынан құттықтау хаты мен сыйлық табыстап, жеңісімен құттықтадым.
Жерлесіміз Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетіп, әлемге Қазақстанның өскелең ұрпағының рухы мен талантын көрсете білді.
Жастайынан осындай жоғары жетістіктерге жету — бұл табанды еңбектің нәтижесі. Жас спортшыны өзінің әкесі, жаттықтырушы, спортшы, «Sam Team» клубының негізін қалаушы Самат Кунаев жаттықтырады. Бір қызығы, әкесінің спортпен шұғылдануына омыртқа ауруы себеп болған және табанды жаттығулардың арқасында денсаулығын қалпына келтірген. Әкенің үлгісі балаларын шабыттандырып, бүгінде олардың барлығы спорт шеберлері.
Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы — спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі. Хадияның алтын медалі — бұл сіздің отбасыңыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы”, — деп жазды Байханов.
Қазақ қызы джи-джитсудан әлем чемпионы атанған! Құтты болсын!😍
2️⃣ Қазақтың “Беташар” салты ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілді
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жариялады.
“Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді”, — деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.
Тамаша!👍
3️⃣ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болмақ
Жаңа мөлшермелер көлемі Мемлекет басшысының 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойған «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»заңымен бекітілгенін баса айта кетелік.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
* ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге (2024 жылы – 85 000 теңге);
* айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге (2024 жылы – 3 692 теңге);
* мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 32 360 теңге (2024 жылы – 28 215 теңге);
* ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге (2024 жылы – 57 853 теңге);
* базалық әлеуметтiк төлемдердiң (БӘЖ) мөлшерiн есептеудегі ең төменгі күнкөрiс деңгейі 46 228 теңге (2024 жылы – 43 407 теңге) құрайды.
Заңда жасы бойынша және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетақы төлемдері олардың мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюы ескеріле отырып белгіленгені нақтыланады.
Міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналар мөлшері – мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінен 2% көлемінде аударылады.
Бұл жалақы күнкөріс үшін жеткілікті ме?🤔