Биатлон, Darkhan Juzz, Tiktok. 24 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 февраля, 2023


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Қазақстандық музыкант Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қаза болды.

Darkhan Juzz лақап атымен танымал музыкант Дархан Жүнісбеков Таиландта жол апатынан қаза болған. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
СІМ қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндады.

«Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қаза болды. Біздің азамат жол апатынан көз жұмды, ол жалдамалы мопедпен жүрген», — делінген хабарламада.

Қазір қазақстандық консул марқұмның туыстарымен байланыста. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Иманды болсын!🙌🏻

2️⃣ TikTok кибербуллингке қарсы жобаны іске қосты.

TikTokпен ЮНИСЕФ кибербуллингке қарсы «Позитив сыйла» жобасын іске қосты.

Қысқа видеороликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп және ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен былтыр іске қосылған және Қазақстанда қолданушылардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды науқанын жалғастырады. Науқанның екінші кезеңі онлайн-кеңістіктегі буллинг проблемасына арналған.

Жоба аясында ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сарапшылары атақты адамдар — Санжар Мәди, Шәріп Серік, Нұрлан Батыров, Ғайни Кель және Митя Байназаровпен — онлайн-қудалау тақырыбына байланысты маңызды мәселелерді талқылайтын тікелей эфирлер сериясын өткізеді: бұл қандай құбылыс, ол неге пайда болады және оны қалай танимыз, кибербуллингтен қорғаудың қандай әдістері бар. Сонымен қатар, TikTok-тағы танымал контент авторлары интернеттегі қорлаудан қалай қорғануға болатыны туралы жеке оқиғаларын, білімі мен кеңестерін бөлісетін танымдық видеолар әзірледі.

Керемет! Сен TikTok қосымшасын жиі қолданасың ба?😉

3️⃣ Қазақстанда өтетін биатлоннан әлем чемпионатына 41 елден спортшылар келеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев айтты.

«Қазақстанның тарихында алғаш рет осындай деңгейдегі биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өткелі тұр. Ол 4-12 наурыз аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы-биатлон кешенінде өтпек. Қазіргі таңда бұл жарысқа әлемнің 41 мемлекетінен 500-ге жуық спортшы келуге ниет білдіріп отыр. Қазақстан атынан қатысатын жеткіншектерді 26 ақпанда өтетін ҚР кубогінде жасақтаймыз. Онда спорттың бес түрі бойынша 18 жарыс жоспарланған», — деді Самат Ерғалиев.

Барлығы 500 спортшы болады екен!😍👍