Бибісара Асаубаева, Алып сәби, Пациенттер жарысы. 6-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Спортшының айтуынша, оған Шахматтан әлемнің 15-чемпионы Вишванатан Ананд «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын табыстаған.

Айта кетейік, 5 тамызда Халықаралық шахмат федерациясының марапттау рәсімі өткен болатын.

Құттықтаймыз!👏👏👏

2️⃣ Ағзасын ауыстырған пациенттер арасында жарыс өтеді

Аталмыш жарыс Нұр-Сұлтанда Жәнібек Оспановқа жасалған жүрек трансплантациясының 10 жылдығына арналып ұйымдастырылмақ.

Сайысқа еліміздің барлық өңірінен ағзаларды трансплантациялаудан өткен немесе диализде жүріп, құтқару операциясын күтіп жүрген 150-ден астам адам қатысады.

Қызық жарыс екен, иә?!🤭🤭🤭

3️⃣ Астанада алып сәби өмірге келді

№3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 килограмм сәби дүние есігін ашты.

Медицина қызметкерлері сәбиді еркелетіп Исатай батыр деп атап кеткен.

Керемет емес пе?!😍😍😍