Бибісара Асаубаева, Эльжана Таниева, Жалғас Жұмағұлов. 2 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 Сәуір, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі ресми түрде 6 мамыр Нью-Джерсиде өтетін болды.

Қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Нэйт Манесс болмақ. Манесс UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегінде – Умар Нурмагомедов пен Тагир Уланбековтен жеңіліп қалды. Ал бұған дейін ол промоушенде үш жеңіске жетті.

Ал Жұмағұлов UFC аясында алты жекпе-жек өткізіп, бір ғана жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. Жалғас үшін Манесспен жекпе-жек UFC-мен келісім бойынша соңғысы болмақ.
UFC 288 турнирінің басты оқиғасы Генри Сехудо мен Алджамейн Стерлинг жекпе-жегі болады. Сонымен бірге турнирде Чарльз Оливейр мен Бенеил Дариуш жұдырықтасады.

Жеңіс тұғырынан көрінейік!🙌🏻🔥

2️⃣ Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогының финалында өнер көрсетеді.

Эльжана Таниева доп жаттығуы (32.750), ұршық (31.200) және таспа жаттығуының (29.600) финалына жолдама алды.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық спортшы Милана Парфиловафиналға өте алмады.

Айта кетейік, чемпионатта әлемнің 28 мемлекеттінен 50-ге жуық спортшы өнер көрсетіп жатыр.
Алдын ала қорытынды бойынша Эльжана әзірше 5-орында. Финалдық сайыстар ертең басталады.

Сәттілік тілейміз!🤲🏻

3️⃣ Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-при кезеңінде көш басына шықты.

Қазақстандық Бибісара Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен тең түсті. Қуанышқа орай, қытайлық Жу Цзинерді басып озып, көш басына шықты.

Қазір 6 ойыннан кейін Бибісараның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ал Жу Цзинерде 4 балл. Екі шахматшы бүгін 8-турда кім мықтыны анықтама

Керемет!😍👏🏻