Бидай, Студент, Бизнес.1 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Қыркүйек, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматыда 115 мыңнан астам студент 1 қыркүйектен бастап жоғарылатылған стипендия алады.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Президенттің тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері көбейеді. Алматыда бұл өзгеріс 35 жоғары оқу орны мен 85 колледждің 115 мыңнан астам студентіне қатысты.

Бакалавриат студенттері стипендиясы 20%, магистратура-докторантурада оқитындарға 15%, ал техникалық және кәсіптік білім алушы студенттерінің шәкіртақысы 50%-ке өседі.

Студенттер үшін тамаша жаңалық!👍

2️⃣ Биыл Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатты.

Бұл туралы «APK Inform» ақпараттық порталы хабарлады.

Биылғы жылғы астық маусымы әлі аяқталған жоқ, алайда Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатты.

«Ресми статистикаға сәйкес, биылғы маусымның 11 айында (қыркүйектен шілдеге дейін) Қазақстан сыртқы нарыққа 7,31 миллион тонна бидай жеткізген. Бұл соңғы бірнеше маусымдағы абсолютті рекорд», – делінген ақпаратта.

2021-2022 жылдары Қазақстан 5,52 млн тонна бидай экспорттады, ал 2020-2021 жылдары бұл көрсеткіш 5,6 млн тонна болған.
Негізінен экспорт Өзбекстанға жасалды. Сондай-ақ өзбек көршілер астық сатып алуды айтарлықтай арттырған.

«Биылғы маусымның 11 айында Қазақстаннан Өзбекстанға 3,61 миллион тонна бидай экспортталды, бұл рекордтық көрсеткіш.

Өткен маусымдарда дәл осы кезеңде бұл көлем 3 миллион тоннадан аспады. Тәжікстан көрсетілген мерзімде 976 мың тонна қазақ бидайын импорттады», – делінген ақпаратта.
Ауғанстан, Түрікменстан, Қытайға да астық экспорттау көлемі артты.

Керемет!😍


3️⃣ 11 қыркүйектен бастап бизнес жобаға мемлекеттен грант алуға өтінім қабылдау басталады.

Вusiness.enbek.kz порталында 2023 жылғы 11 қыркүйектен бастап 3-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 400 АЕК, яғни 1,38 млн теңге сомасында 3 780 грант тегін беріледі.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі. Негізгі мақсат – жаңа бизнесті бастау және дамыту. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін не істеу қажет?

▪️порталда тіркелу;
▪️грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
▪️бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
▪️өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Сіз де өтініш беріп, грант иегері атаныңыз!🔥