Білім беру гранты, Ахмед Эдельбиев, Араб тілі. 22-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 Шілде, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ «Қазақстан халқына» қоры білім беру гранты мен шәкіртақы тағайындауға байқау жариялады.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.

Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.

Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарынан алдын ала нақтылауы қажет.

Ал сен оқуға тапсырып үлгердің бе?)🙂

2️⃣ Аралас жекпе-жектен шешен спортшысы Ахмед Эдельбиев Ресейден өзіне қазақтардан қарсылас бермеуді өтінді.

«Бізге, яғни шешендерге, бала кезімізден қазақтар туралы, олардың бізді қалай қабылдағаны туралы айтатын еді. Сондықтан қазақтармен төбелескіміз келмейді», – деді спортшы баспасөз мәслихатында.

Мұндай шешім қабылдағаны дұрыс болды ма? 🤔

3️⃣ Елімізде араб тіліне деген қызығушылық күн санап ар­ту­да. Егер сізді де “Араб тілін қай жер­ден не­ме­се кімнен оқуға болады, жақсы оқулықтарды қайдан табамын” деген сұрақ мазалап жүрсе, онда мына номерге хабарласып, тегін дәріс алуыңызға болады.

Барлық сұрақтар бойынша: +77715701887 номеріне хабарласып біле аласыз;
WhatsApp Чать:https://chat.whatsapp.com/BgFbIVqIZmWIHJSyT7NHkP
Телеграмм чат:https://t.me/arab_tilin_yireny