Білім, Есепшот, Мамандық. 2 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 сентября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады

Қазақстан президенті Қазақстан халқына жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау өзекті мәселе екенін атап өтті.

«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді Тоқаев.

Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді.

Осылайша қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясы насихатталмақ🔥

2️⃣ Енді қарызы бар борышкерлердің барлық есепшоты бұғатталмайды.

“Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеті туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеп әрекет етпей-ақ, өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін хабарлама жіберу арқылы көтеруге болады деп ойлаймын”, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, салық берешегі шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс.

“Яғни, борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қойғанын талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет”, — деді Президент.

Бұл туралы Президент бүгінгі Жолдауында мәлімдеді👍

3️⃣ Мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасы енгізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауында Мектептер мен жоғары оқу орындарында цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасын енгізуді тапсырды.

“Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет. Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте, «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал биыл одан да көп адам қатысады.
Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет”, — деді Мемлекет басшысы.

Тамаша😍