Биометрия, Афина,Несие. 20 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 октября, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстандықтар SIM-картаны тіркеуде биометриядан өтуге міндеттеледі.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха телефон қоңыраулары арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге тоқталып өтті. Оның айтуынша,
шетелдік алаяқтарға SIM-карта тіркеуге көмектескен қазақстандықтарға құқықтық жауапкершілік енгізіледі.

Себебі бұған дейін абоненттік нөмірді басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жауапкершілік жаза болмағана. Ал бұл сәйкесінше алаяқтық әрекеттердің көбеюіне мүмкіндік берді. Сондықтан халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін аталмыщ олқылықтан алдын алу шаралары қарастырылып жатыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабы (Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу) осындай әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін 18-тармақпен толықтырылады.

Сонымен қатар “Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын” толықтыруларға сәйкес телефон нөмірлерін тіркеу кезінде азаматтар “биометриядан” өтуге міндеттеледі.

Ал сіз бұл өзгеріске қалай қарайсыз?🤔

2️⃣ Қазақстанның көк туы Афинаның ең биік нүктесінде желбіреді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орнатылған Қазақстан туын тамашалады.

Гректер үшін көне де киелі жерде қазақ туының көтерілуі екі ел арасындағы достастықты білдіреді.
«Ерекше құттықтауды Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі ұйымдастырды. Оның басты мақсаты — сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету», — делінген хабарламада.

Бұл Республика күніне орай ұйымдастырылыпты.😍

3️⃣ Қазақстанда табысы жоқ жастарға несие беруде шектеу енгізілмек.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова парламент тыңдауында мәлімдеді.

Әбілқасымованың айтуынша, агенттік несие бойынша 90 күннен астам мерзімде өтемеген азаматтарға кепілсіз тұтыну несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірлеген. Бұл шектеу табысы ең төменгі жалақыдан аз қарыз алушыларға қатысты дайындалған.

Сонымен қатар 21 жасқа толмаған жастарға да несие беру тек ресми табысы болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Енді несие алу жастар үшін ресми табысы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.📌