Бизнес-идея, Грант, Интернет.25 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 25 июля, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Астанада бизнес-идеяларға грант алу үшін өтінім қабылдау басталады.

Астанада жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.

Гранттар 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында беріледі. Байқауды қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өткізеді.
Өтінім тек kezekte.kz порталы арқылы 2023 жылғы 7-16 тамыз аралығында онлайн қабылданады.
Конкурсқа өз қызметін экономиканың басым секторлар аясында жүзеге асыратын, мемлекеттік грант алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгіну кезінде мемлекеттік тіркелуі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер реестріне енгізілген) кәсіпкерлер қатыса алады.
Мемлекеттік гранттар кімдерге берілмейді

қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылған;

мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болса;

мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған;

мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушылары реестрінде тұрған;

конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға;

конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.
Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде баға береді:

бизнес-идеялардың жаңашылдығы;

бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі;

бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы.

Толығырақ ақпаратты 55-69-21, 55-69-03, 55-69-10, 55-69-19 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Сіз де қатысып, бақ сынап көріңіз!📌

2️⃣ 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Телеграм каналында мәлімдеді.

Мәліметке сай, ең көп таңдалған қала – Алматы, 38 мың бала студенттік шағын өткізу үшін оңтүстік астанамызды таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 18 мың өтініш қабылданса, 6 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлер ең көп сұранысқа ие оқыту бағыттары бойынша таңдауды өзгеріссіз жасап жатыр. Өтініштердің көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ тіс дәрігерлері, дипломаттар, заңгерлер және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
«Барлық отырыстарды 10 тамызға дейін өткізіп, грант иегерлерінің тізімін жариялауды жоспарлап отырмыз.
Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады» деп түйген сөзін ғылым министрі.

Ал сен грантқа өтініш тастадың ба?🤔

3️⃣ Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі интернет жылдамдығын өзге елдермен салыстырды. Оның айтуынша, Астана осы жағдай бойынша Токионы да басып озған.

«Егер Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсек, Астана 35 позицияға көтерілді. Яғни біз отыз бес қаланы басып оздық. Біз қазір Токионы да басып оздық. Бұл рейтингті мен жасаған жоқпын ғой. Менхалықаралық рейтингке сүйенемін», — деді Мусин үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Керемет! Өз өңіріңіздегі интернетке көңіліңіз тола ма?🙃