Бизнес, Жұмыс,Жеңімпаз. 2 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 июля, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1,5 млн теңге көлемінде гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады.

Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Қарағанды облысы әкімдігі хабарлағандай, екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді.

Өтініш беру үшін сізге:

* порталда тіркелу;
* грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
* бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;
* өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Бизнес грантына кім ие бола алады:

* тіркелген жұмыссыздар;
* жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:
* мүгедектігі бар адамдар;
* «қандас» мәртебесі бар тұлғалар;
* өңіраралық қоныс аударушылар;
* аз қамтылған отбасы мүшелері;
* көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
* мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
* асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

3 жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍

2️⃣ Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтардың қалай және қай жерден жұмысқа тіркеле алатыны белгілі болды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 27 маусымдағы бұйрықпен жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансаптық орталықтар көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына бірнеше қосымшалар жаңа редакцияда баяндалған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:

* тікелей орталықта;
* eGov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы;
* enbek.kz порталды ақпараттандыру объектісі арқылы.
Мемлекеттік қызмет бір күн ішінде тегін көрсетіледі. Содан кейін жұмыс іздеуші ретінде тіркелу туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

* өтініш;
* көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
* еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
* білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).

Жеке басты куәландырғаннан және «Еңбек нарығы» ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Бұйрық 2024 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Арнайы қосымшалардан жұмыс табуға болады📌

3️⃣ Астаналық жас гимнастшы Ақмарал Ерекешева VIII «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды.

Астана қаласындағы № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ақмарал Ерекешева көпсайыста күміс алып, финалда лента мен шығыршық үшін қола жүлдені жеңіп алды.

«Өте қуаныштымын. Мені осы жарысқа дайындаған бапкерім Меруерт Төлегенқызына алғыс айтамын. Алдағы жарыстарда бұдан да жақсы нәтиже көрсетемін деп сенемін», — деді VIII «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының үш дүркін жеңімпазы Ақмарал Ерекешева.

Сонымен қатар тағы бір елордалық спортшы Айғаным Рысбек те өзінің шеберлігін танытып, осы спорт түрінің 3 жаттығуынан да финалға жолдама алды. Яғни, лента, доп, шеңбер. Айғаным финалда шеңбер жаттығуы бойынша 5-орын, лента мен доп жаттығуын орындап, 6-орынға тұрақтады.

Финалда отандастарымыздан бөлек, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан сынды мемлекеттердің үздік гимнастшылары жүлдені сарапқа салды.

Якустк қаласындағы жарыс 7 шілдеге дейін жалғасады. Айтулы бәсекеде ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам өреніміз қорғауда.

Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻