Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр.
Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша 100 елдің ішінде алтыншы орынға жайғасты.
Агенттік мәліметінше жыл басынан бері республикада 123 жер сілкінісі тіркелген. Ең жоғары магнитуда 7 балл. Бұл осы жылдың қаңтар айының соңында Алматыда болды. 2023 жылы Қазақстанда небәрі 55 жер сілкінісі тіркеліп, ең жоғары магнитуда 5,3 болды.
Қазақстандағы соңғы жер сілкінісі 2 ақпан күні таңертең Таразда тіркелді. Оның магнитудасы 4,4 балды құрады.
«Жер сілкінісінің ошағын табу және тіркеу үшін қолданылатын технологиялар ХХ ғасырдан бері жетілдірілді. Бірақ ғалымдардың жер сілкінісін болжау мүмкіндігі әлі де айтарлықтай шектеулі», — делінген хабарламада.
«Earthquakelist.org сайтының мәліметі бойынша 2024 жылы 2 ақпанда көрсетілген жағдай бойынша ең көп жер сілкінісі Жапонияда болды: 204 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 7,5 балл. Одан кейін Мексика (180 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 6,1), Индонезия (169 жағдай, ең жоғары магнитудасы – 5,6) тұр. Жер сілкінісі Қытайда, Қырғызстанда, Қазақстанда, Филиппинде, Чилиде, Гватемалада және Перуде де жиі болды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Сақтық шараларын ескеріп жүріңіз!🙌🏻
2️⃣ Үкімет шағын және орта бизнеске 900 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді.
Үкімет биыл шағын және орта бизнестің банктік кредитін 900 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялап, кепілдендіреді.
Мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10%-ға артып, 4,3 млн адамға жетті.
«Бұл еліміздегі еңбекке қабілетті азаматтарының 45%-ы. Өткен жылдың 9 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,5%-ға дейін өсті», — деп жазылған хабарламада.
Бизнес жүргізу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді. Мысалы, 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталды. Тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру нәтижесінде 1 қаңтардан бастап адам қатысуынсыз тексерулер тағайындалып жатыр. Бұл шара тексерулер санын 2 есе азайтады.
Сонымен қатар мемлекет бизнесті қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, биыл 900 млрд теңгеден астам сомаға ШОБ-тың банктік несиелерін субсидиялау және кепілдендіру жоспарланып отыр.
«Субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және өзге де қаржылық емес қолдау шараларына біртіндеп көшу көзделеді», — деп мәлімдеді үкімет.
Кәсіпкер таныстарңызды құлағдар етіп қойыңыз!📌
3️⃣ Алматы метросының жаңа үш желісі салынады.
Алматыда метро желісінің жаңа бағытттары салынбақшы. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда шығыс бағытта ұзындығы 12,8 шақырым, 8 бекеті бар метро желісін салу жоспарланған. Бекеттер арасындағы орташа қашықтық шамамен 1,7 шақырым. Жаңа желінің бағыты: Жібек жолы бекетінен шығыс бағытта Гоголь көшесі бойымен Орталық мәдениет және демалыс саябағы арқылы Шығыс айналма автожолына (ШААЖ) дейін, ары қарай солтүстік-шығыс бағытта Құлжа тас жолы бойымен әуежай жаққа шығатын болады.
Солтүстік бағытта метрополлитеннің ұзындығы 16,4 шақырым, 15 бекеті бар үшінші желісін салу жоспарланып отыр. Оның бағыты келесідей: Сайран бекетінен солтүстік бағытта Брусиловский көшесі бойымен, ары қарай Солтүстік айналма тас жолы бойымен (сауда базарлары арқылы) және шығыс бағытта М.Жұмабаев көшесімен Көкмайса, Қарасу, Айнабұлақ шағын аудандары арқылы Хмельницкий көшесіне дейін.
Сондай-ақ жер үсті метро желісін салу жоспарланған. Ол “Алматы-2” теміржол бекетінен Сүйінбай көшесі бойымен солтүстік бағытта “Алматы-1” теміржол вокзалына дейінгі аралықты қамтиды. Желінің ұзындығы – 8,5 шақырым. Бекеттердің саны мен орналасуы жобалау кезінде анықталатын болады.
Керемет жаңалық!😍👍