Бокс, Радио, Ауғанстан. 17 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Сәуір, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ АҚШ-та өткен бокс кешінде екі қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді.

Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағамбеттің жеңістері құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ 19 сәуір елімізде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді.

Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында өшіріледі.📌

3️⃣ Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің ғимараты енді тәліптерге беріледі.

Ауғанстанның жаңа өкілдері өз адамдарын Астанаға орналастырады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Министрдің айтуынша, Ауғанстанның жаңа әкімшілігі Қазақстанға дипломаттарды аккредиттеу туралы өтініш жолдаған. Ал еліміздің билігі оларды тіркеу жөнінде шешім қабылдаған.

“2021 жылдың тамызында бұрынғы режим құлаған соң елде «билік вакуумы» пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуін тоқтатты. Кеше Самарқан қаласында Ауғанстанмен көршілес елдердің кезекті кездесуі өтті. Біз Ауғанстанның біртұтас болғанын әрі көркейгенін қолдаймыз. Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің бізге келуі – мойындау дегенді білдірмейді. Бұл мәселе БҰҰ-ның құзырында қалады», – деді Айбек Смадияров.

Сонымен бірге, ол осындай миссиялар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Қытай, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Пәкістанда бар екенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Ауғанстанның билігіне келген «Талибан» – Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарына жатқызылған.

Бәрі жақсы болсын! 🙌🏻