Боксшылар, Ихсан Ілесов, Ашық турнир. 28-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанның үш боксшысы әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді. Олар WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО), WBO чемпионы атағын жеңіп алған Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) және WBO International чемпионы МейірімНұрсұлтанов (17-0, 10 КО).

Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) супер орта салмаққа ресми түрде кеткеннен кейін boxrec.com сайты орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жаңартты.

Головкин орта салмақтағы боксшылар тізімінде бірінші орында, Әлімханұлы – сегізінші, Нұрсұлтанов тоғызыншы орында тұр.

Үздік ондық рейтингінде Қазақстан боксшыларының саны басым түсті.

Құтты болсын! ✊🏻✊🏻✊🏻

2️⃣ Тараздық оқушы Ихсан Ілесов Лондонда өткен ағылшын тілі олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 1 күміс, 1 қола медаль бар

«Төрт ұлым бар, Ихсан үшіншісі. Екінші балам мен үшінші баламның жас айырмашылығы 10 жас. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін үлкен ұлымның еңбегі зор. Ал екінші балам Қызылорда қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінде жұмыс істейді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша оқуын аяқтайды», – дейді жетінші сынып оқушысының анасы Ләззат Ілесова.

Ихсан Ілесов Тараздағы жекеменшік мектептердің бірінде оқиды. Айтуынша, тіл олимпиадасы ол үшін үлкен сынақ болыпты. Әр кезең сайын берілген тапсырмалардың деңгейі қиындай берген екен.

Жарайсың, Ихсан! 😍👏🏻👏🏻

3️⃣ 29 тамызда Теннистен ашық чемпионат басталады. Мұнда Қазақстан атынан Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева өнер көрсетеді.

Бұл «Үлкен дулыға» маусымының соңғы турнирі. Ойын 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұрынғы әлемнің 1-ші нөмірі Новак Джокович вакцинация сертификатының болуы туралы қазіргі талапқа байланысты 142-ші US Open-2022 қатыса алмайды. Серб екпеден бас тартты.

Маусымның басты ойыншылары: ресейлік чемпион Даниил Медведев, испандық Рафаэль Надаль, оның жас отандасы Карлос Алькарас, грек Стефанос Циципас және норвегиялық Каспер Рууд чемпиондық атақ үшін күреседі.

Теннисшілерімізге жеңіс тілейміз!🔥