Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Енді әрбір қазақстандық Telegram желісіндегі @TazaQazBot чат-ботының көмегімен шенеуніктердің назарын елдегі маңызды мәселелерге аудара алады.
“Таза Қазақстан” акциясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі халыққа өтініш қабылдаудың жаңа қызметін әзірледі.
Кез келген ақаулық туралы қалай хабарлаймыз?
🟢 Telegram желісінде @TazaQazBot арнасын ашыңыз;
🟢 Тіркеліңіз;
🟢 Фотосуретті жүктеңіз және оны тапқан жерді көрсете отырып, мәселені сипаттаңыз.
Өтінішті оператор жергілікті атқарушы органнан қабылдайды, ол арнайы мердігер тағайындайды.
Керемет мүмкіндік екен!👍
2️⃣ Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды.
«Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті.
Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді», — деп жазылған хабарламада.
Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады.
Айта кетері, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.
Ресми іс-шарада Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Министр бұл оқиғаның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!🙌🏻
3️⃣ Қандастар үшін Қазақстанда оқу талабы жеңілдетілді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отандастар қоры» бірлесіп шетелдегі Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсу үшін биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылданды:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.
Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән).
Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігі сақталады.
Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік беріледі
Нәтижелер республикалық, мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады.
Олар үшіг ҰБТ-да шекті балл болмайды🔥